-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    09.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мәдениет, Мереке
    Президент: Еліміз үшін Бірлік күнінің маңызы зор
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    «Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің тарихында айрықша орны бар мереке. Сондай-ақ бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен аға буынның жанқиярлығын, қажымас қайраты мен ерік-жігерін әйгілейтін мейрам. Сұрапыл соғыс жылдарында отандастарымыз қайсарлық пен қаһармандықтың теңдессіз үлгісін танытты. Майданға аттанған жауынгерлеріміздің тең жартысы ұрпақтың болашағы үшін жанын пида етті. Жеңіске тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Олар ел басына күн туғанда халқымыздың жұдырықтай жұмыла білетінін ерен еңбегімен дәлелдеді», – делінген Президенттің құттықтау хатында.

    Мемлекет басшысы соғыста опат болған боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету – ұрпақтарының перзенттік борышы екенін де атап өткен.

    «Біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жеңімпаз аға буынға қарыздармыз. Олардың өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Майдангерлеріміз жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ардагерлеріміз аман болсын! Жеңіс күні құтты болсын!», – деп Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзін түйіндеген.

    Tags: 9 мамырЖеңіс күніқұттықтау

    Ұсынымдар

    Келер ұрпаққа таза табиғат қалдырайық!

    Келер ұрпаққа таза табиғат қалдырайық!

    1 year ago
    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Көненің көзі, бүгіннің сөзі

    1 year ago
    ҚАЙТАЛАНБАС ҚАРҚАРА САПАРЫ

    ҚАЙТАЛАНБАС ҚАРҚАРА САПАРЫ

    4 months ago
    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    6 months ago
    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.