-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа шаһар – өрлеу кепілі

    12.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа шаһар –  өрлеу кепілі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алатау қаласының әкімі Әркен Өтенов жаңадан құрылған шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

    Баяндамашының айтуынша, Алатау қаласының кешенді және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен стратегиялық маңызы бар жобалық кеңсе құрылған. Аталған кеңсе қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық өркендеуін жеделдетуге ықпал ететін тетіктерді қалыптастырады. Қала инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту үшін 13 «өсу нүктесі» анықталып, олардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік-коммуникациялық желілердің техникалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл өсу нүктелері ірі инвестиция тартуды қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы қаланың тұрақты экономикалық дамуын кешенді түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қалаға инвестиция тарту бағытында «Алатау» арнайы экономикалық аймағы» басқарушы компаниясы және Алматы облысының өңірлік даму орталығымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде. Биыл 10 ірі инвестициялық жобаның құрылысын бастау жоспарлануда.
    – Алатау қаласы әкімшілік-аумақтық құрамында 12 шағынаудан, 366 көше бар. Қала аумағындағы жаңа құрылыс алаңдарындағы атауы жоқ 24 көшенің және идеологиялық тұрғыдан ескірген 26 көшенің атауын өзгерту туралы облыстық ономастика бөліміне сұраныс хат жолданды. Биыл тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтар санатына жататын 40-қа жуық азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделуде. «Жетіген» шағынауданында 280 орынды Мәдениет үйінің және «Заречный» шағынауданында 60 орынды спорт кешенінің құрылысын бастау үшін қажетті бюджеттік өтінімдер тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, қаржыландыру мәселелері қарастырылуда. «Жетіген» шағынауданында 100 орынды спорт кешенінің құрылысын салу үшін 1 гектар жер телімі бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сонымен қатар «Жетіген», «Жаңаталап», «Жаңадәуір», «Ынтымақ», «Заречный», «Арна» шағынаудандарының су жүйесі мен кәріз инфрақұрылымының құрылысын іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 30 млн теңге бөлінді. 11 шағынауданның жол инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мақсатында 99 көшеге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 66 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылды, – деді шаһар басшысы.
    Одан әрі сөзін сабақтаған Әркен Хамитұлы инвестиция тарту, бизнес идеяларды іске асыру, жұмыспен қамту, электрмен жабдықтау, газдандыру, денсаулық сақтау, білім беру салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады. Жаңадан құрылған қаладағы өзекті мәселелер кезең-кезеңмен шешімін табатынын тілге тиек етті.
    Сұрақ-жауап кезеңіне жалғасқан баспасөз мәслихатында журналистер қала аумағында жарықтың жиі өшіп қалу себебін сұрап, «Арна» шағынауданы тұрғындарының үй құжатын рәсімдеу кезінде Алатау мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің бір-біріне сілтеп, әуре-сарсаңға салатынын алға тартты.
    Қала әкімі жарықтың жиі өшуі халық санының артуына орай тұтынушылардың көбейіп, желілердің тозығы жетуінен және жел соққанда бей-берекет өсіп кеткен ағаштардың желіні жиі үзіп кетуінен болатынын айтты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 600-700-дей ағаш кесіліп, желілер жаңартылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ «Арна» шағынауданы тұрғындарының үй құжатын рәсімдеудегі сергелдеңге салынуы туралы сауалға қала әкімдігінің бөлімдері Жетіген мен Қоянқұста орналасқанын, мұның шағынаудандар тұрғындарына тиімді екенін алға тартып, қандай да болсын арыздардың қарастырылатынына сендірді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жаңа бөлімше ашылды

    Жаңа бөлімше ашылды

    6 months ago
    Үнемдеген ұтады

    Үнемдеген ұтады

    8 months ago
    Аспантаудан Анадолыға жол

    Аспантаудан Анадолыға жол

    1 year ago
    ҚазҰУ-да қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері талқыланды

    ҚазҰУ-да қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері талқыланды

    2 years ago
    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.