-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихтан сыр шертеді

    19.03.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Тарихтан сыр шертеді
    0
    SHARES
    42
    VIEWS

    Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Шаяхмет Құсайынұлының «Қазақтар жолы» деп аталатын жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

    Аталған шараға Халықаралық Д.А. Қонаев қорының Президентінің кеңесшісі, Республикалық «Ер Намыс» қоғамының төрағасы Даулетбек Жанботаев, «Алаш прайд» спорт қоғамының құрметті төрағасы, профессор Ерболат Алядинұлы, зиялы қауым өкілдері мен аудан өнерпаздары, колледж студенттері мен ұстаздар қауымы қатысты. Ең әуелі аудан әкімінің міндетін атқарушы Ертай Нұрмаханов жазушыны жаңа кітабының тұсаукесерімен құттықтап, Шаяхмет Құсайынұлына зор шығармашылық табыс тіледі.
    – Қоғамымыздың игілігі, халқымыздың кемелдену жолындағы игі істеріңіз толастамасын. Жырларыңыз талай оқырманның қуатты құралына айналсын! Жақсы жырды, жақсы ақынды тани білейік, талғай білейік дегім келеді. Халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы осы жырлар арқылы толыға түсетіні хақ, – деді Ертай Сұлтанәліұлы.

    Автор кітап мұқабасының өзі қазақтың жүрген жолынан көрініс беретінін зор ыждағаттықпен атап өтті. Біраз жылдан бері жазылған бұл еңбек бүгінде қалың қызыл кітап болып оқырманға жол тартты. Кітапқа қазақ халқы жайлы жазылған көне тарихи деректер арқау етілген.
    Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дәулет Жанботаев, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редекторы Хайролла Ахметжанов, Жазушы Гүлжанат Шонабай сынды бірқатар азаматтар ақынға жылы лебіздерін білдірді. Шығармашылық кеште мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жалындата оқыса, ауылдастары, замандастары мен достары кітап авторына құрмет көрсетті. Ал оқырмандар Шаяхмет Құсайынұлына сәттілік пен толағай шығармашылық табыс тіледі. Аталған тұсаукесер салатантында Шаяхмет ағаның өлеңдеріне жазылғанын «Аға мен ініні», «Құрдастарым», «Еңбекшіқазақ вальсі» сынды әндер шырқалды. Айта кетсек, бүгінге дейін Шаяхмет Құсайынұлының поэзия мен прозалық шығармалары қамтылған 30-ға жуық кітабы жарық көрген.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

    Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

    1 month ago
    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    6 months ago
    Қонаев әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

    Қонаев әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

    1 year ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

    6 months ago
    марат

    Облыс әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.