☀️
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты

    12.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Жылдам дайындалатын кеспе өндіруде көшбасшы саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» сауда-өндірістік компаниясы Алатау қаласының дәрігерлеріне В класты «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты. Автомобиль алғашқы реанимациялық іс-қимыл мен дәрігерлік көмек көрсетуге, науқастарды емдеу мекемесіне жайлы тасымалдауға қажетті барлық заттармен жабдықталған.

    Автомобиль кілтін табыстау шарасы Ынтымақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория аумағында өтті. Оған «Маревен Фуд Тянь-Шань» фабрикасының директоры Сырым Құрманов және Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
    Шара барысында сөз алған фабрика директоры Сырым Құрманов «Маревен Фуд Тянь-Шань» компания­сы орналасқан аумақ Алатау қаласына қарайтынын атап өтті. «Біздің компанияда 660-тан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 95 пайызы – жақын маңдағы Арна, Заречный, Жетіген ықшамауданының тұрғындары. Сол себепті де жаңадан құрылған Алатау қаласы жұртшылығының пайдасына жарайтын, игілігіне қызмет ететін істі қолға алсақ деген шешімге келдік. Бүгінде компания сыйға тартып отырған «Жедел-жәрдем» көлігі адамдардың қажетіне жарап, шұғыл медициналық қызмет көрсетуге жәрдемін тигізсе, біздің мақсатымыздың орындалғаны», – деді.
    Өңірдегі ірі инвестициялық жоба саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» еліміз бойынша сапалы өнім өндіруді қамтамасыз етіп қана қоймай, көпшілікті жұмыспен де қамтуда. Компания алдағы уақытта қала тұрғындарына, балалар мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыра бермек. Қазір Алатау қаласында спорт алаңын салу мүмкіндігін қарастыруда.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Өткен күн ұмытылмасын

    Өткен күн ұмытылмасын

    12 months ago
    Тұлпардан қалған тұяқ

    Тұлпардан қалған тұяқ

    1 year ago
    Президент қазақстандықтарды Конституция күніне орай құттықтады

    Ата Заңым – айбыным!

    4 months ago
    Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтінім қабылдау басталды

    Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтінім қабылдау басталды

    9 months ago
    Академиялық мобильділік  – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    Академиялық мобильділік – шетелде оқуға берілген мүмкіндік

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>