-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    22.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар 20 медаль жеңіп алды. Сарапшылар бұған дейін медаль саны бойынша ең нашар нәтиже 2007 жылы болғанын айтады. Биылғы қысқы Азия ойындары бойынша сол нәтижеден тек бір саты ғана жоғары орналастық. Десе де бұл дүбірлі додада Қазақстан спортшылары төрт алтынды олжалап, үздік төрт құраманың қатарынан көрінді.

    Алғашқы алтынды шорт-тректен ерлер құрамасы алып берді. 5000 метрге эстафетада жігіттер соңғы сәтте жеңісті жұлып алып, тарихта маңызды орын қалдырды. Ал синхронды секіру бойынша жарысқа қатысқан Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев қарсылас шақ келтірмеді. Жұптық сында өте жоғары өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
    Үшінші алтынды биатлоншы Владислав Киреев иеленді. Жарыстың соңғы күнінде шайбалы хоккейден ерлер құрамасы тағы бір алтын алды. Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмеген жігіттер жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Финалда Жапонияны 5:0 есебімен ұтқан Қазақстан құрамасы бесінші рет Азия чемпионы атанды.
    Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өткен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола еншілеп, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады.
    Ақ Азиядада жеңіс тұғырына көтерілген­дердің қатарында жерлес­теріміз де бар. Солардың бірі – Әсет Дүйсенов. Ол Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин сынды серіктерімен бірге мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына күміс медаль сыйлады. Сөйтіп еліміздің ерлер биатлон құрамасы өз мықтылығын дәлелдеді. Жерлесіміздің жеңісін аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев арнайы құттықтап, кәсіби спортшының алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
    Қысқы Азия ойындарының алауы сөнбестен Әсет Дүйсенов Еуропа төрінде өтіп жатқан әлем біріншілігінде бақ сынап үлгерді. Ол жарыс кестесінің тығыздығына қарамастан қысқы Азия ойындарындағы әсерімен бөлісті.
    – Азия ойындарында дайындықты біз бір жыл бұрын бастадық. Оқу-жаттығу жиын­дарын толықтай орындадық, жаттығу­дан кейін қайта қалпымызға келу үшін Мәскеуден мануалист-терапевт шақырды, командаға словениялық физио­терапевт қосылды, украиналық спорт дәрігерінің бақылауында болдық. Маусым алдында британиялық психологпен жұмыс істедік. Министрлік те, федерация да, облыстық спорт басқармалары да қолдады, барлық жағдайды жасады. Сол үшін алғыс білді­реміз. Біз барлық жауапкершілікті түсіндік, осы бір жыл жатсақ та, тұрсақ та ойымыз Азиаданың алтыны болды. Ерлер эстафетасында күміс жүлдеге қол жеткіздік. Жаман нәтиже емес екені анық, бірақ бұрындары айтқанымдай, алтын алуымыз керек еді. Соған дайындалғанбыз. Алтын алып, ұлттық рухты көтеремін деген мақсатым болған. Жарыс барысында қолымнан келгеннің бәрін жасадым, мен эстафетаны 5 орында қабылдап, 1 орынмен аяқтадым. Алтын алуға бір қадам ғана жетпей қалды. Қазір жаттықтырушылармен қай жерден қателескенімізді түсініп, сол бағытта жұмысқа кірісіп жатырмыз. Алда – Олимпиада. Қазір оған лицензияға ұпай жинайтын әлем чемпионатындамыз. Демалыссыз, күн сайын маңызды жарыстар жалғасуда. Сондықтан біз үшін жеңісті күндеріміз әлі алда деп сенемін. Бәсекелестік туралы айтсақ, өздеріңіз байқағандай, біз ғана емес, барлық мемлекеттер қатты дайындалған. Қытай бір жыл әлем кубогына қатыспай, тыңғылықты дайындалды. Жалпы ешқашан қарсыласты менсінбеуге болмайды. Бұл жарыс жалпы Азия елдерінде биатлонның қарқын алып келе жатқанын көрсетті десек болады, – дейді қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әсет Дүйсенов.

    Ұсынымдар

    Ана мен баланы қорғау – парыз

    Ана мен баланы қорғау – парыз

    1 year ago
    Жоқшылық пен тоқшылық

    Жоқшылық пен тоқшылық

    1 year ago
    Көшпелі отырыс басталды

    Көшпелі отырыс басталды

    7 months ago
    Үздіктер үміті үкіленді

    Үздіктер үміті үкіленді

    11 months ago
    Бейбіт күннің батырлары

    Бейбіт күннің батырлары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.