-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жігерді жанитын «Ауған жыры»

    17.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Жігерді жанитын «Ауған жыры»
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    14 ақпанда Ауған соғысы және тәжік-ауған шекарасының ардагерлері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына барып, жат елдің шекарасында ерлікпен қаза тапқан қаруластарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ департаменттің шекара бөлімшелерінде Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен жас сарбаздарға арналған «Ерлік сабағы» өтті.

    Өткен тарихты парақтасақ, осыдан 36 жыл бұрын Кеңес әскері Ауғанстан жерін тастап шықты. Ал 2001 жылдың 8 ақпанында тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар тоқтап, қазақстандық бітімгершілік батальоны өзінің миссиясын аяқтаған болатын. Содан бері елімізде Ауған соғысының және «ыстық нүктеге» баланған тәжік-ауған шекарасының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, жат елде ерлікпен қаза тапқандардың есімін мәңгілік етуге арналған шаралар өтіп келеді.

    Департамент бастығы полковник Серік Төлеуханов, шекара ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық және облыстық филиалдарының атынан отставкідегі генерал-майор Марат Мажитов бастаған ауғандық ардагерлерді Қарасай тауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы салтанатты сап түзеп қарсы алды. Бұдан әрі, жиналған қауым ескерткішге гүл шоқтарын қойған соң, шара жат елде қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

    – Шекарашыларымыз қайда жүрсе де Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Ауғанстанда ин­тернационалдық борышын өтеу кезінде ерен ерлік көр­сетіп, құрбан болған шекарашы қаруластарымыз – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді жиында сөз алған Ауған соғысының ардагері Марат Әлімжанұлы.

    Жиыннан кейін ардагерлер шекара басқармасының өткен шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Мұнда зал толы көрермендердің алдында сержант Дастан Сембаевпен бірге Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері: Ұлан Аскер, Құзар Құмыролла, Ерсұлтан Әсетұлы, Алдияр Жүзбайұлы және Жомарт Рахымберділер өнер көрсетті. Әсіресе, шекарашы өнерпаз Дастан Сембаевтың «Ауған жыры» атты Ауған соғысына 18 жасында аттанып, туған жеріне қара табытпен оралған өрімдей жас жігіттер туралы әні жан тебірентерлік еді…

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    Облыстағы 333 саяжай жақын елдімекендерге қосылады

    2 years ago
    Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

    Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

    1 year ago
    Республикада жетекші орында

    Республикада жетекші орында

    1 year ago
    Қазыналы қаламгер

    Қазыналы қаламгер

    10 months ago
    Кроссфит алаңы ашылды

    Кроссфит алаңы ашылды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.