-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлікке кең өріс

    08.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Кәсіпкерлікке кең өріс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолға алынған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бүгінде шағын және орта бизнес өкілдерінің дәстүрлі жәрмеңкесіне, сондай-ақ атқарушы билік пен кәсіпкерлер арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.

    Талғар аудандық Мәдениет үйінің алдында өткен көрменің қорытындысына қарап, осындай ой түюге әбден болады. Шараға келген қонақтар арасында облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Әлиев, облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Ботабекова, «Мансап» жұмыспен қамту орталығының директоры Айбек Рахымбаев, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Әскербековтер болды.
    «Атамекен» КП Талғар филиалының директоры Айдос Қалжановтың айтуынша, жобаның мақсаты – жергілікті өнімнің сапасын арттыру, бренд қалыптастыру, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыру. Сондай-ақ жергілікті қауымның әлеуетін дамыту мен нығайтуға бағытталған.
    Шара кезінде кәсіпкерлер өздері жасаған өнімдерді көпшілік назарына ұсынды. Олардың арасында сүт өнімдері, ыдыс-аяқ, ұлттық киімдер, бал, кондитерлік және пісірілген өнімдер, құрғақ жемістер, тоқылған ойыншықтар, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттар, гүлдер, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу құралдары бар.
    Көрме қатысушыларын Талғар ауданы әкімінің атынан оның орынбасары Әнуар Әскербеков құттықтап, шағын және орта бизнес өкілдеріне бағыт-бағдар көрсетіп, жаңа бастамаларға ынталандырған шараның маңыздылығын атап өтті.
    – Бізде түрлі байқауларда аудан намысын қорғайтын әлеуеті зор кәсіпкерлік фирмалары мен өндірістер аз емес. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жыл басынан бері жалпы сомасы 3 318,8 млн теңгеге 20 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 3 183,8 млн теңгеге 17 жоба 135,0 млн теңгеге субсидия алды. 15 сауда нысаны ашылды, 120 адам жаңа жұмыс орындарына ие болды, кәсіпкерлікті дамытуға 1,4 млрд теңге инвестиция тартылды, – деген ол жобаға қатысушы кәсіпкерлердің барлығына сәттілік тіледі.
    Шара қатысушылары мен қонақтарды облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Азамат Әлиев те құттықтап, «Бір ауыл – бір өнім» жобасының ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудағы ерекше маңыздылығына тоқталды.
    – Жалпы облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 21200 кәсіпкерлік нысаны (25 – орта кәсіпкерлік, 2560 – шағын бизнестегі заңды тұлға, 16708 – жеке кәсіпкер, 1886 – фермерлік шаруашылық) жұмыс істейді. Оларда 40 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Ал бүгінгідей көрмелер тек қатысуға ғана емес, ең бастысы пікір алысып, тәжірибе алмасуға, кәсіпкерлік қызметтің алға басуына мүмкіндік береді. Біз әрқашан отандық өнімді ілгерілетіп, отандық кәсіпкерді қолдауға тырысуымыз керек, – деді Азамат Тағаймұратұлы.
    Көрмеге қойылған өнімдерді бағалау шарттары туралы айта келе, ол өнімнің жергілікті шикізаттан жасалуы, өнімді дайындау кезінде елеулі қаржы шығындарын талап етпейтін күрделі емес, қарапайым құралдар мен тетіктер пайдаланылуы, өнім мүмкіндігінше өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін көрсетуі, тауар құрамында қауіпті немесе зиянды заттардың болмауы тиіс екендігіне назар аударды. Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер атынан аудан мен облыстың іскер әйелдер кеңесінің өкілдері сөз сөйлеп, жобаға қатысушыларға толағай табыс тіледі.
    Аудандық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі Әсет Талғатбекұлы іс-шараны қорытындылай келе, «Бір ауыл – бір өнім» жобасының табысты іске асырылуы – жаңа жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ғана емес, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартуға да ықпал ететінін, бұл жобаға аудандағы барлық ауылдық округтер толық тартылатынын атап өтті.
    Көрмеге белсенді қатысқан кәсіпкер Зухра Қасайынова – «Смарт балақай» жобасының бастамашысы және әзірлеушісі, көрмелер мен байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері. Жақында ол облыстан грант алып, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс және оларды дамыту бойынша үшінші орталығын ашқалы отыр. Ол «Бір ауыл – бір өнім» сияқты осындай көрмелер кәсіпкерлерге өз өнімін таныстырып қана қоймай, сонымен бірге сол өнімді бизнес-қызметтің кең көкжиегіне жылжытудың тиімді мүмкіндігі деп санайды.
    Шара соңында жобаға қатысушылардың барлығына кәсіпкерлікті дамытудағы белсенді қызметтері үшін Алғыс хат, грамоталар тапсырылды. Халықты жұмыспен қамтуға, отандық өнімдер қатарын көбейтуге ұмтылып жатқан кәсіпкерлерді келешекте бұдан үлкен марапаттар күтіп тұрғаны күмәнсіз!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Мәслихат рөлін арттыру маңызды

    8 months ago
    Жол қауіпсіздігі: 620 дана белгі орнатылды

    Жол қауіпсіздігі: 620 дана белгі орнатылды

    6 months ago
    Отанды сүю – тәрбиеден

    Отанды сүю – тәрбиеден

    1 year ago
    Алматы облысында 177 671 оқушы ыстық тамақпен қамтылған

    Алматы облысында 177 671 оқушы ыстық тамақпен қамтылған

    5 months ago
    Генералдармен кездесті

    Генералдармен кездесті

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>