-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүрегінен ән тамған

    01.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Жүрегінен ән тамған
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

          Дәстүрлі ән – қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани қазынасы мен тұрмыс-тіршілігін паш ететін киелі өнер. Бұл жолды таңдау, оның маңызын терең түсініп, абыроймен арқалап жүру кез келгеннің қолынан келмейді.

    Облысымыздағы Қонаев қаласына қарайтын Шеңгелді ауылында өмір есігін ашқан Ардақ Әмірқұлова – қастерлі өнеріміздің құдіретін баршаға әйгілеп жүрген өнерпаз. Бұл саладағы алғашқы қадамы мектеп қабырғасынан басталған. Музыка пәнінің мұғалімі Айгүл Әлібайқызының ықпалымен әншілік өнердің қыр-сырымен танысып, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған. 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Талдықорған қаласындағы Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінде «дәстүрлі ән» мамандығы бойынша төрт жыл бойы білім алып, кейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында осы мамандықты үздік дипломмен тәмамдаған. Бүгінде академияның магис­тратурасында білімін шыңдауда. Дәнеш Рақышев қалыптастырып кеткен Жетісу әншілік мектебін жалғастырушы.
    «Колледжге алғаш барғанда дәстүрлі ән туралы ешқандай қалыптасқан ой болған жоқ. Бұл өнердің маңызын кейін оқу барысында түсіндім. Тарихымыз, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көрінісі болғандықтан, нағыз өнер гауһары дәстүрлі әнде жатқанына көзім жетті. Әр әннің тарихы тереңде жатыр. Жыршы, жыраулар мен сал-серілерден басталған ұлттық өнердің орындалуы, насихатталуы – өте маңызды. Эстрадалық әуен барлық елде бар, бірақ дәстүрлі ән – қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшелік, ұлттық код. Бұл өнерді алып жүрудің өзі – үлкен жауапкершілік», – дейді ол.
    Бүгінде Ардақ Аманжолқызы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда қызмет етеді. «Оқу орнында білім алу бір бөлек, ал сахнаға шығып халық алдында өнер көрсету өзгеше сезім, онсыз толыққанды әнші бола алмайсың. Маған сол мүмкіндікті сыйлаған филармония – өнердің әр саласы бойынша үздіктерден құралған үлкен ұжым, өнердің қайнап жатқан ортасы. Бұл жерден көп тәжірибе жинадым», – дейді Ардақ. Сондай-ақ өткен жылдың аяғында филармонияның қолдауымен өзінің туып-өскен Шеңгелді ауылында жеке концертін өткізген. Ол алғашқы концерт болған соң және өзі танитын жақын жандардың алдында өткен соң бұл күн ыстық естеліктер мен ерекше әсер сыйлағанын айтты. Концертте ақын, композитор Медет Нұрқалимен орын­даған жаңа әнінің тұсауы кесілген.
    «Өнер адамы жан-жақты болуы керек. Алдағы уақытта дәстүрлі әннен басқа да бағыттарда өнер көрсеткім келеді. Жаңа нәрсеге әрқашан ашықпын. Әр бағыттың, әр жанрдың өз тыңдаушысы бар. Бірақ солардың ішінде ұлттық әуеніміздің шоқтығы биік екенін, мәнінің терең екенін ұмытпауымыз керек», – дейді кейіпкеріміз.

    Аида МАМЫРБАЕВА

    Ұсынымдар

    Ұстаз – ұлттың діңгегі

    Ұстаз – ұлттың діңгегі

    2 months ago
    Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

    Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

    1 year ago
    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    2 months ago
    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    Монополияға қарсы қызмет: Облыста тауар бағасы тұрақты бақылауда

    2 years ago
    Халқымыз ауызбіршілігін дәлелдеді

    Халқымыз ауызбіршілігін дәлелдеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.