-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алдын алу маңызды

    07.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алдын алу маңызды

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Бейсенбі күні Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында кәріз суы жиналатын тоспа ернеуінен тасып, тұрғындарды дүрліктірді. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімінен бастап барлық жауапты мекеме қызметкерлері аяғынан тік тұрып, құтқару шараларына жұмылды. Адамдар аман, бірақ тасқын күрежолдан асып, көшеге жайылды, бірнеше тұрғын үйдің ауласын, қора-жайын су басты.

    Тасқын ауылдың солтүстік бағытқа шығаберісінде таңғы сағат 8:30 шамасында болған. Құзырлы органның алдын ала мәліметі бойынша, салдарынан Ынтымақ көшесіндегі 30-дай жеке тұрғын үйдің ауласы су астында қалды. Кәріз суын тұндыратын сүзу алаңы осыннан небәрі 500 метр қашықтықта орналасқан. Онда бірнеше тоспа бар. Тасқын салдарын жою үшін Ұзынағаш ауылында орналасқан № 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен техникалары тартылды.
    Осы күш-құралдармен тасқынды қауіпсіз бағытқа бұру, тоспа жағалауын нығайту, инертті материалдарды пайдалана отырып, аула аумақтары бойында қорғаныш үйінділер салу, су айдау жұмыстары жүргізілді. Арнайы автокөліктермен су басқан аулалардан су толығымен сорылды. Енді орнында қалған лай тазартылады. Су тасқынының салдарын жою және қосымша су тасқынын болдырмау шаралары жасалуда. Сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті күшейтіліп жатыр. Жағдайды Төтенше жағдайлар министрлігі бақылауына алды. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Д.Оразбеков келді.
    Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспек­циясы бөлімінің басшысы Қайсар Әбілсейітовтің есебінше, толып кеткен тоғанда жиналған 6 мың текше метр судың 2 мың текше метрі ернеуінен тасыған. Қауіптің беті қайтқанмен, таяу күндері екі-үш күн жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Сондықтан мұнда тәуліктік кезекшілік атқарылады.
    Тасқын басылған соң тұрғындар көшеге шығып, жергілікті биліктен кәріз суы жиналатын тоғанды елдімекен іргесінен аулаққа көшіруді талап етті. Өйткені тоспа жарылса, үйімізді өзімізбен қоса су шайып кетеді деп алаңдайды. Тоған жыл сайын көктемде жауын-шашын суымен көбейіп, арнасы толады. Тұрғындар жазда ауыл ішіне жайылған сасық иіске шыдау мүмкін емес екенін айтуда. Мұндағы сүзгі алаңдары 1970 жылдары қазылған. Содан бері жөндеу көрмеген, арнасы да кеңейтілмеген. Кәріз жүйесіне ауылдағы 30-ға жуық мемлекеттік нысан мен 1500-ге жуық жеке тұрғын үй қосылған. Оған қоса тоғанға автокөліктер жыл бойы лас су әкеліп төгеді.
    Жиналған жұртшылыққа Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас жағ­дайды түсіндірді. Ол бірінші кезекте тұрғындарды тасқын судан қорғау шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Осы орайда 100-ге жуық адам, 15 техника жұмыс істеп жатыр. Ұзынағаштың су басу қаупі бар батыс, оңтүстік аймағында жылда алдын алу шаралары жүргізіледі. Мына жағдайға кәріз суына сол маңдағы еріген қар суының жан-жақтан құйылуы себеп болған. Кәріз жүйесі ескіргені рас. Басында бұл тоғандар 25 мың тұрғынға есептеліп салынған болса, қазір Ұзынағашта халық саны бейресми 60 мыңға жуықтады. Соған сай жүйеге түсер жүктеме екі есе өсті. Осыған байланысты жаңа кәріз жүйесінің жобасы жасалған. Ол бойынша кәріз суы жиналатын орын аудан орталығынан алысқа көшіріледі. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда бұл мәселе толық шешілмек. Ал ескі тоспаның арнасы кеңейтіледі. Су басудан келтірілген шығынды арнайы комиссия анықтамақ. Аулалар лайдан тазартылады, құзырлы мекемелер залалсыздандыру жұмысын жүргізеді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Үздіктер қатарында

    Үздіктер қатарында

    1 year ago
    Шахтадағы өрттен қаза тапқандар үш адамға жетті

    Қарағанды облысында кеніштегі апаттан 21 адам қаза тапты

    2 years ago
    Жағдайың қалай, студент?

    Жағдайың қалай, студент?

    1 year ago
    «Таза өлке»: ардагер ұстаз экологиялық науқанға қатысты

    “Таза Қазақстан” акциясы Алматы облысында қарқынды жүріп жатыр

    1 year ago

    Ізгілікті іс

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>