-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сарбаздар күш сынасты

    28.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Спорт
    Сарбаздар күш сынасты
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Алматы қаласындағы орталық спорт клубында қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті. Сайысты ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті мен «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Аталған жарысқа Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан командалары бақ сынады.

    Халықаралық додаға ТМД-ға мүше елдердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі төрағасының орынбасары генерал-майор Владимир Моисеенко, ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы, полковник Бауыржан Абсаматов, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюпов және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

    Осымен 27-ші мәрте өткізіліп отырған турнир еліміздің Әнұранымен ашылған соң алқалы жиынның алғашқы сөзі В.Моисеенкоға берілді. Владимир Григорьевич өз елдерінің намысын қорғауға тастүйін дайын тұрған командаларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Бұдан кейін сөз тізгінін Бауыржан Абсаматов алып, Жеңістің 80 жылдығын ұлықтаған турнирдің маңызына тоқталды.

    – Бұл халықаралық турнир – бейбітшілік пен ынтымақтың символына айналған маңызды алаң. Бауырлас мемлекеттердің жас ұрпағын бір арнаға тоғыстырып, ортақ тарихты, жауынгерлік рухты дәріптейтін үлкен тағылым мектебі. Қоян-қолтық ұрыс – физикалық төзімділікпен қатар рух пен ерік-жігерді сынға салатын тартысты спорт, – деді Бауыржан Абсаматов.

    Сонымен, бес мемлекеттің ең мықтылары бас қосқан сайыстың ашылу рәсімінен кейін аламан тартыс басталды. Әрбір жекпе-жек ерлік пен кәсіби шеберліктің көрінісіне айналды. Қазақстан құрама сапында өнер көрсеткен Шәкәрім Әбен қарсыласын көз ілеспес жылдамдықпен нокаутқа жіберіп, үш минуттық ұрысты жеңіспен аяқтады. Осынау тамаша дәлдік пен шеберлік залдағы қаншама жанкүйерді жағаға лап қойған асау толқындай ду еткізді. Әрине, мұндай жарқын сәттер аз болған жоқ, әсіресе қазақ спортшыларымен бірге Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан командалары да бір-біріне дес бермеді.

    Жалпыкомандалық сайыста 1-ші орынды Ресей елінің командасы жеңіп алса, 2-ші орынға қазақстандық спортшылар көтерілді. Ал жүлделі үшінші орынды Қырғыз елінің командасы иеленді.

    Турнирдің соңы көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тамаша  концерттік бағдарламаға ұласты. Осылайша, Жеңістің 80 жылдығын ұлықтаған турнир өз мәресіне жетті.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    11 months ago
    Қонаев ауруханасында үздік тәжірибелер орталығы ашылды

    Қонаев ауруханасында үздік тәжірибелер орталығы ашылды

    2 years ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    2 years ago
    Жылыту қазандықтары жаңартылады

    Жылыту қазандықтары жаңартылады

    4 months ago
    Қаржылық сауатын арттырады

    Қаржылық сауатын арттырады

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>