-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

    24.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы мерекесі Алматы облысының түкпір-түкпірінде тойлануда. Биыл бұл мерекені жаңадан бой көтерген Алатау қаласы да қалыс қалдырмады. Күн мен түн теңесіп, жыл басы Наурыз мерекесін көпшілікпен бірге тойлау үлкен мəртебе. Бірін-бірі құшақтай қарсы алысып, көрісе амандасқан ағайынның қуанышы – күллі елдің қуанышы. Көріскен жамағаттың жадыраған жылы жүзі осыны аңғартқандай еді. Ынтымақ ықшам ауданында ақ шаңқан он киіз тігіліп қала тұрғындарына қызмет көрсетті. Айта кетейік, Алатау қаласы наурыз мерекесін екі күн қатарынан тойламақ. Алғашқысы Ынтымақ ауылында өтсе, келесі кезек қала орталығы Жетіген ықшам ауданында қарсы алмақ. Жалпы бұл әдіс халықтың көптігінен деп отыр ұйымдастырушылар. 88 мың халқы бар Алатау қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті тұрады. Әз Наурызға барлығы бір үйдің баласындай дайындалған. Тойдың басы №46 орта мектептің атауын аты әлемге танымал, данышпан әл-Фараби бабамыздың атына беріліп, мектеп алдына данышпанның бюстін ашумен басталды.

    Алдымен, тойшыл қауымды Алматы облысы ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Тұрымбетов мерекемен құттықтап: “Жер-дүние жанданған шуақты көктеммен бірге елімізге, жерімізге нұрын шашып, қасиетті Наурыз мейрамы келді. Бұл мейрамды қазақ халқы қуанышпен қарсы алып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтап қарсы алады. Ынтымақ ауылы тарихы терең ауыл еді, қазір түрленіп Алатау қаласының құрамына еніп ықшам ауданы деген статусқа ие болды. Алдағы уақытта бұл құтты жердің дүркіреп дамып, елдің көрікті қаласына айналатынына мен сенемін! Ынтымағымыз арта берсін, Наурыз мерекесі баршаңызға амандық, татулық пен жылулық, береке, байлық əкелсін!” – деді.

    Сөз кезегі Алатау қаласының әкімі Әркен Өтеновке берілді; “Әз Наурыз – жаңару мен жасампаз рухтың жаршысы. Жаңару біздің Алатау қаласының жұртшылығына айнаған киелі сөз тіркесі, Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған Наурызда ізгілік пен ынтымаққа, татулық пен сыйластыққа апаратын даңғыл жол. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігі мәңгі баянды болсын! Жаңа әр шаңырақтың төріне қуаныш пен молшылық тілеймін!” – деді

    Сонымен қатар, ұлы мерекеге арнап, концерттік бағдарлама да ұсынылды. Əннен шашу шашылып, қаланың мәдениет бөлімінің ұйымдасырған бишілері мың бұрала би билеп, күміс көмей әншілері ән шырқады. Мерені бөлісу үшін Айткүл Айымбетова, Алатау қаласы, Ынтымақ ықшам ауданының тұрғыны, ардагер ұстазы да немерелерін ертіп келіп, бізбен шынайы ықыласын бөлісті: “Мен бүгінгі әз-Наурыз мерекесімен жаңа қала тұрғындарын құттықтаймын. Бүгін міне жаңарып, өсіп келе жатқан қаламыздың алғашқы мерекесі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қаламыз өркендеп дами берсін!” – деді. Қонақжай мекеннің дастарханы кеңінен жайылып, ыдыстары аққа толды. Жиналған көпшілік қауым ұлыстың ұлы күні жайылған дастарханнан дəм татты. Ел қазаны ортаймай, биыл да ас мол болсын деген ниетпен қыз-келіншектер наурызкөжені ерекше етіп əзірледі. Ырыс пен берекенің, жақсылық пен мейірімділіктің нышанына айналған мерекеде бесікке салу, тұсау кесу, беташар, күрес, қол күрес, кір тасын көтеру дəстүрлері орындалды. Ұлысқа мерей, туысқа мейірім сыйлайтын татулық мерекесін жаңадан негізі қаланып келе жатқан Аалтау қаласының тұрғындары осылайша бір отбасыдай қарсы алды.

    Бағдат ШОЙБАС,

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Министрлік Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасын ұсынды

    ҮАААЖ бойында жүру бүгіннен бастап ақылы болады

    2 years ago
    Білім нысандарын аралады

    Білім нысандарын аралады

    5 months ago
    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    2 years ago
    Мереке мерейі

    Мереке мерейі

    3 months ago
    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>