-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Біз – әлеуметтік мемлекетпіз…

    14.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз, Экономика
    Құн салығы неге көтеріледі?

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Иә, Көкшенің табиғаты тамылжыған Бурабай өлкесінде Ұлттық құрылтайдың төртінші жиыны өтті. Бұл жолы да мемлекеттің дамуы мен халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған келелі мәселелер көтерілді.

    Мені жұртшылық арасында қызу талқыға түсіп жүрген қосымша құн салығы мөлшерінің артуы алаңдатушы еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасынан осы сауалдардың жауабын естіп, көңілім жай тапқандай болғаны рас. Ол, бұл реттегі бастамаларды тілге тиек ете келіп, Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде екенін жеткізді.

    «Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық. Үкімет осы жылдың соңына дейін оны қалай оңтайландыру керектігін біржола анықтап алуға тиіс», – деді баяндамасында.

    Президент салық жүйесі, бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі екенін айта келіп, бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайтынын, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайтынын алға тартты. Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керектігіне тоқталды.

    «Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін әр адамға түсінікті тілмен жеткізу керек. Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген», – деді.

    Қазақстанда түрлі салық режимі, көптеген жеңілдік пен преференциялар бар екенін, оның бәрі елімізде салық офшоры сияқты ахуал қалыптастыратынын да жасырмады. Соның салдарынан кәсіпкерлердің екі негізгі тобы пайда болған. Біріншісі – заңнамадағы олқылықтарды пайдаланып, табысын өзі үшін азайтып көрсететін болса, екіншісі – салықты адал төлеп жүргендер. Табысын жасыратындардың салдарынан екінші топтағы адал кәсіпкерлер бәсекеге төтеп бере алмай жүргені де жасырын емес. Сол себепті Үкімет пен Парламентке жедел түрде тиісті түзетулерді енгізу қажеттігі айтылды. Бұл – әділетті Қазақстан құру жолындағы нақты қадам деп есептеймін.

    Берікбай Қадықов, 

    жазушы-журналист, Қарасай ауданының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Жолан Омаров атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

    Жолан Омаров атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

    2 years ago
    «Алтын Орда» базарында заң бұзушылықтар анықталды

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    3 months ago
    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогы өтіп жатыр

    2 years ago
    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

    2 years ago
    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    Жаңа автобустар жүреді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>