-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бозкілемде белдесті

    17.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Бозкілемде белдесті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

        Еңбекшіқазақ ауданында күштік құрылымдар арасында қазақ күресінен Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарысқа облыстық полиция департаментіне қарасты тоғыз ауданның, Қонаев, Алатау қалаларының, Алматы облыстық ПД орталық аппаратының өкілдері, сондай-ақ арнайы жасақ бөлімі мен жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қатысты. Барлығы 13 команда, 70-тен астам қатысушы.
    Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген Алматы облыстық ПД бастығы Мейрам Әбікеев:
    «Аталған шара жыл сайын өтетін игі дәстүрге айналды. Осындай спорттық бәсекеде топ жарған жеңімпаздарымыз полиция имиджін көтеруге үлес қосып жүр. Полиция қызметкерлері үшін де бұл бәсекенің пайдасы мол. Ұлттық күрес күш-қуатты, төзімділікті, тактикалық ойлауды дамытады. Жарыстың мақсаты – үстіміздегі жылдың сәуір айында өтетін ҚР ІІМ чемпионатына ең мықты балуандарды іріктеу», – деді.
    Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық спорт түрлері бөлімінің басшысы Жасұлан Қалиақпаров та қатысушыларға сәттілік тіледі. Оның айтуынша, аталған жарыс республикалық чемпионатта облыс намысын, сондай-ақ халықаралық додада ел намысын қорғайтын балуандарды баптауға ықпал етеді.
    Қазақ күресінде адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. “Таза жеңіс” – күрес кезінде қарсыластың екі жауырынының кілемге тиюі әсерінен болған әдіс.
    Жарыс барысында қазақ күресінен Азия чемпионы, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Жігер Сәкенұлы қарсылас шақ келтірмей, облыс біріншілігінің «Түйе палуаны» атанды.
    «Мен ең алдымен самбо және дзюдомен айналыстым. Қазір қазақ күресіне ауыстым. Маған бұл спорт түрі ұнайды. Әрине, спортта әлсіз қарсылас болмайды. Әрқайсысы құрметке лайық. Турнирде жеңімпаз атануыма тәжірибе көп пайдасын тигізді. Полиция қызметкерлері арасында бұл жарыстың дәстүрге айнала бастағаны қуантады, – деді Жігер Сәкенұлы.
    Жарыс 66 келіден +100 келіге дейін олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Командалық бәсекеде бірінші орынды Алматы облыстық ПД иеленді, екінші орын Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына бұйырды, ал үшінші орынды Талғар аудандық полиция басқармасының өкілдері алды.

    Өз тілшіміз

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Су ресурстары және ирригация министрі тағайындалды

    Су ресурстары және ирригация министрі тағайындалды

    2 years ago
    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    9 months ago
    Асыл тойы – ғасыр тойы

    Нұрғиса Тілендиев ескерткішіне конкурс жарияланды

    3 weeks ago
    ЖҮРЕГІ  ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    ЖҮРЕГІ ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    3 months ago
    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>