-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    Мерейлі бір сәт

    22.06.2024
    in Мәдениет
    Мерейлі бір сәт
    0
    SHARES
    52
    VIEWS

             Күллі журналистердің есту аппаратын пілдің құлағынша желп-желп еткізген жаңалық сол тұста бізді де бейтарап қалдырмады. «Өркен» – «Горизонт» апталығына жаңадан келген басшылықпен сәлеміміз жараспауға айналған кезде естілген бұл хабар онсыз да қашайын деп тұрған қоянға «тәйт!» деген соң не жорықтың» кері болып, бізді бекем шешім қабылдауға бел будырған еді.

    «Марат Тоқашбаев ағамыз заң, құқық саласына арналған газет ашу үшін журналистер іріктеп жатыр екен» деген хабарды нақты кімнен естігенім есімде жоқ. Дереу Көкбазардың қарсысындағы Журналистер үйінің 3-қабатында отырған Марат ағамыздың алдынан бір-ақ шықтым. Ағамыз екі ауыз сөзге келместен, мен жұмыс істеп жүрген редакция басшысының атына қузау хат жазып берді. Әуелгіде «қузау хаты несі?» деп түсінбегем. Сөйтсем, бұл Марат ағаның сәтті аудармаларының бірі екен. «Уведомлениенің» қазақшасы. Кейін де ағамыздың жетекшілігімен құқық саласындағы талай-талай терминдердің мемлекеттік тілдегі сәтті баламаларының табылғанына қаншама куә болдық.
    Осылайша, ресми тұрғыда Әділет министрлігінің органы болып есептелетін «Заң» газетіндегі құқық қорғау бөлімінің редакторы деген лауазыммен жұмысқа кіріп кеттік. Сайдың тасындай іріктелген тілшілер жаңа қызметтерін ерекше белсенділікпен, айрықша энтузиазммен бастағандары есімде.
    Бұған дейін жұмыстарымның бәрінде дерлік басшылармен оппозициялық қарым-қатынас ұстанумен келген маған жаңа редакторым – Марат ағаның жұмыс стилі, қол астындағылармен қарым-қатынас мәдениеті ә дегеннен ұнады. Жастық желікпен қандай көзқарастарымды болса да ашық айтатын мені, тіпті кейбір орынбасарларымен тең дәрежеде ұстағаны да рас. Бірқатар қызметкерлердің тікелей менің ұсынысыммен жұмысқа алынуы да кездейсоқ болмаса керек.
    Осындай кіршіксіз сенімнің нәтижесінде жаңадан дүние есігін ашқалы тұрған «Заң» газетінің тұңғыш нөміріне кезекші болу құрметі де маған бұйырды. Екі айдан аса уақыт алғашқы нөмірдің өмірге жолдама алатын уақыты да келіп жетті.
    …Баспахана конвейерінен алғашқы болып, әдетте, аға газеттердің, белсенді, таралымы мол басылымдардың өтетіні белгілі. «Дайын емес әлі!» деген зекігеннен әрмен жаттанды жауаптардан кері қайтқан соң, үшінші әлде төртінші мәрте тағы келіп тұрмын.
    Баспахана машинасының бояуы мен майы қатар сіңген саусақтарын кір-кір майлы шүберекке еріне сүртіп тұрған оператор жігіт:
    – Газеттің тұңғыш нөмірі дұрыстап «жуылмаса» жарыққа жіберілмейтінін білесің бе? – деп сұрады мысқылдап. Сұрағына сұрақпен жауап қатып жатырмын:
    – Түн ортасында арақты қайдан табамын?
    Мәселені түсіне қойғаныма риза болған оператор жігіт оп-оңай иліге кетіп, Панфиловшылар паркінің алдындағы киоскілерде әлгі дүниенің қалай сатылатынын, нендей пароль айтылуы керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
    Ақ тер, көк тер боп екі шиша жартыны алып мен де жеттім, менің артымнан көп ұзамай «ИЖ-Комби» мәшинесімен Марат аға да келді. Қолында жеңгей ұстатып жіберген түйіншегі бар. Операторлар да риза, біз де қуаныштымыз.
    Осы бір сәттің тарихи оқиғаға айналарына сәп салмай, қолдарым дірілдеп, баспахана бояуының иісі аңқып тұрған «Заң» газетінің 1-нөмірінің 1-бетіне «Жарыққа!» деп қол қойып жатырмын! Енді бірнеше жылдардан кейін осы газетке өзімнің де бас редактор боларымды, бас редакторлықтан аузынан ана сүті кетпеген болашақтық бастықсымақтардың екпінімен қуыларымды ол кезде қайдан білейін?!
    Тұңғыш нөмірі осылай дүниеге келген «Заң» газеті биыл 30 жасқа толып отыр. Тұңғыш газеттің кіндігін кескен тұңғыш бас редактор Марат ­Байділдаұлы Тоқашбаев болса желбегей шекпен жамылған 75 жастың табалдырығын аттамақ.
    Мерейтой құтты болсын!

    Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ

    Ұсынымдар

    Әлеуметтік кодекстің мәні

    Әлеуметтік кодекстің мәні

    1 year ago
    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

    1 year ago
    Ұстаздарды маңызды шешім қабылдауға шақырды

    Ұстаздарды маңызды шешім қабылдауға шақырды

    7 months ago
    Тіл – татулық тірегі

    Тіл – татулық тірегі

    1 month ago
    Бабалар жолы – бағдаршам

    Бабалар жолы – бағдаршам

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>