☀️
15°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Достыққа жол ашады

    20.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Достыққа жол ашады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қонаев қаласында Қытай Халық Республикасы Хунань провинциясының әкімшілік орталығы Чанша қаласының роуд-шоуы өтті. Басқосуда алғашқы сөз кезегі Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановқа берілді.

    – Бүгінгі іс-шара Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени байланыстарды кеңейтуге зор мүмкіндік береді. Чанша қала­сы – инновациялар мен жоғары технологиялар орталығы, қарқынды дамып келе жатқан экономикалық хаб. Оның тәжірибесі мен жетістіктері біз үшін ерекше қызығушылық тудырады. Қонаев қаласы да өзінің даму жолында ілгерілеп келеді. Біз халықара­­лық серіктестіктерге ашықпыз және Қытайдың жетекші қалаларымен, оның ішінде Чаншамен тығыз ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Бұл роуд-шоу бизнес-қоғамдастықтар арасында жаңа байланыстар орнатып, бірлескен жобалардың бастамасы болады деп сенеміз, – деген шаһар басшысы маңызды іс-шараны ұйымдастырған тараптарға алғыс білдіріп, қатысушыларға табысты келіссөз, жаңа серіктестер мен ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық тіледі. Асхат Ермекұлы былтыр туризмді дамыту бағытында Қытай Халық Республикасына делегацияның бірнеше мәрте барып келгенін, қалаға бірсыпыра инвестиция тартылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар жуырда құрылыс саласы бойынша қытайлық кәсіпорын ашылғанын, Қонаевта су үнемдеу технологиясын өндіретін зауыттың бар екенін айтты.
    Кейінгі кезде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында қарым-қатынас жоғары қарқында дамып келе жатқанын атап өткен Аспан асты елінің өкілдері қатысушылар назарына аталған аймақтың туризм саласы туралы промо-ролик ұсынды. Сонымен бірге Иян қаласы мен провинция орталығы Чанша әуежайының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл өңірдің балық пен күріштің Отаны екенін, шәй плантациялары мен теңіз өнімдерімен де танымалдығын сөздеріне арқау етті.
    Келесі кезекте Қуанышбек Мейрамбекұлы Алматы облысының туристік ағыны жыл сайын өсіп келе жатқанын айтып, Қонаев қаласында алғаш рет роуд-шоу өтіп отырғанынан хабардар етті. Бұл шараның екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін, өйткені Чанша инновация­лар мен жоғары технологиялардың орталығы саналатынын тілге тиек етті. Бұрын Қытайдың жақын аймақтарымен ынтымақтастық орнаған болса, енді шалғай өңірі мен Қонаев қаласының өзара тиімді серіктестігі мен бірлескен жобаларына жол ашылатынына сенім білдірді.
    Одан кейін Алатау қаласы әкімінің орынбасары Ғазиз Сағитұлы Мемлекет басшысының Жарлығымен былтыр 9 қаңтарда құрылған шаһардың болашақта қалай дамитыны жайлы сөз қозғады. Айтуынша, жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым нысан­дарын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсен­ділікті дамытуға, салық түсім­дерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өңір­дің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді.
    Екіжақты тиімді байланысты сөз еткен роуд-шоуда «SCAT Airlines» компаниясының да таныстырылымы жасалды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Даңқты балуанды еске алуға арналған турнир басталды

    Даңқты балуанды еске алуға арналған турнир басталды

    6 months ago
    ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯДЫ

    ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯДЫ

    11 months ago
    Бақыттың кілті еңбекте

    Бақыттың кілті еңбекте

    1 year ago
    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    1 year ago
    Халық саны 20 пайызға артты – Статистика

    Халық саны 20 пайызға артты – Статистика

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>