-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ертуған ерледі

    08.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ертуған ерледі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Бокстан Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» халықаралық турнирінде ерекше көзге түскен боксшылардың бірі – Ертуған Зейнуллинов. 63,5 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз барлық қарсыласынан басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Осы жарыстың куәсі болған білікті бапкерлерден бастап, көгілдір экранға көз тіккен көрермендер былғары қолғап шеберінің өнерін жоғары бағалады.

    Халықаралық додада қазақстан­дық боксшылар 5 алтын, 9 күміс, 4 қола еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Алматы облысының үміті Ертуған Зейнуллинов те жоғары дәрежеде жұдырықтасып, ел құрамасының топ жаруына өз үлесін қосты.
    Болгария төріндегі финал 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының арасында өтті. Бұған дейін Қазақстан чемпионатының жартылай финалы мен Париж Олимпиадасының іріктеу спаррингінде есе жіберген Ертуған осы жолы реванш жасап қана қой­май, чемпион атанды. Қос боксшы арасындағы айқас Ертуғанның жеңісімен аяқталып, Базарбайұлы күміс жүлдегер атанды.
    Алтыннан алқа таққан оғыланы­мыздың өмір жолына аздап үңілер болсақ, Е.Зейнуллинов Алматыдағы Спорт және туризм академиясы­на оқуға түсіп, ол жерде білікті бапкер Қайрат Кәрменовтен тәлім алды. Ол осыған дейін бірқатар халықаралық жарыста топ жарды. Былтыр желтоқсан айында өткен ел біріншілігінде Алматы облысының атынан сынға түскен Ертуған Зейнуллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды. Былғары қолғап шеберіміз әлі алда өтетін талай әлемдік жарыстарда жасындай жарқылдайды деп үміттенеміз.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Оқырманға арнау сөз

    Талғар ауданы “рекорд” жасады!

    1 year ago
    Қолөнер шебері

    Қолөнер шебері

    3 months ago
    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    1 year ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Тазалықты сақтау тәрбиеге үйретеді

    1 year ago
    Конституциялық мәртебесі бар институт

    Ұйысқанның ұпайы түгел

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.