-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қайта өңдеу қарқынды дамиды

    14.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қайта өңдеу қарқынды дамиды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Облыс әкімі  Марат Сұлтанғазиев Оңтүстік Корея «Daesang» корпорациясы мен өңіріміздегі қуатты кәсіпорындардың бірі «Шин-Лайн» компаниясының өкілдерімен кездесті. Жүздесуде шетелдік «Daesang» корпорациясы мен отандық «Шин-Лайн» компаниялар тобы арасында тамақ өнімдерін  қайта өңдеу мен жеткізу  индустриясын  дамыту мәселесі талқыланды.

    Оңтүстік Корея мен Алматы облысының сауда-экономикалық қатынастарының қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін сөз еткен басқосуда аймақ басшысы екіжақты ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазір Алматы облысында  Оңтүстік Корея инвестиция салған  12 кәсіпорын бар. Оңтүстік Кореяның  Чолло-Пукто өңірі мен Алматы облысы арасында стратегиялық ынтымақтастық нығайып келе жатыр.

    Жиын барысында шетелдік кәсіпкерлерге өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті таныстырылды. Бұл ретте Марат Елеусізұлы:

    – Аймақта  азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс ауқымы кеңеюде. Өңірдегі көлемі 1,5 трлн теңгеден астам өнеркәсіптік өндірістің шамамен 90 пайызы өңдеу секторына жатады. Оның үштен екісі тамақ өнімдерін өндіруге тиесілі. Біз тамақ өндірісінде  мол шикізат қоры мен зор логистикалық мүмкіндікке иеміз. Бүгін біз «Шин-Лайн» және «Daesang» компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою үшін жиналдық. Меморандум бизнесті дамытудың жаңа кезеңі ғана емес, экономикалық байланыстың да нығаятынын білдіреді. Бұл оң үрдіс өз кезегінде аймақтың өсуі мен өркендеуіне ықпал етеді. Өзара серіктестік экономиканың дамуына елеулі үлес қосатынына және озық технологияларды пайдалана отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береріне  сенімдімін, – деді облыс басшысы.

    Отандық «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп тамақ өнімдерін қайта өңдеуге ынта танытып отырған «Daesang» корпорациясы – Оңтүстік Кореядағы ең ірі азық-түлік өндіретін кәсіпорындардың бірі. Корпорацияның  жаһандық бизнес туралы директоры Шим Ольг Тэнің айтуынша, аталған кәсіпорын түрлі дәмдеуіш, жартылай  фабрикаттар мен дайын тағамдардарды, крахмал және аминқышқылдарын өндіреді. Әлемнің 80-нен астам еліне өнімдерін экспорттайды. Кәсіпорынның Кореяда, Қытайда, АҚШ-та және Польшада өндірістік базалары бар. Енді «Daesang» корпорациясы елімізде өндірістік база құруға күш салмақ.  Кездесу соңында «Шин-Лайн» ЖШС-нің  бас  директоры Андрей Антонович пен «Daesang» корпорациясының  жаһандық бизнес туралы директоры Шим Ольг Тэ  және облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев меморандумға қол қойды. Ал қос компания өкілдері бастамаға қолдау білдерген  облыс әкіміне алғыс айтты.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданында биыл 2 мектеп ашылмақ

    Бағдарлама ел игілігі үшін

    1 year ago
    Жат ағым жарға жығады

    Жат ағым жарға жығады

    2 years ago
    Азаттыққа талпыныс

    Азаттыққа талпыныс

    1 year ago
    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    7 months ago
    Адам құқығының қорғаны

    Адам құқығының қорғаны

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.