-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолөнер – төл өнер

    20.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қолөнер – төл өнер
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында тұратын Жәмила Есімова –қолөнер шебері. Осындағы орта мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін мұғалім жүннен бұйым жасаудың қыр-сырын кәсіби тұрғыда меңгеріп, білгенін жастарға үйретуден жалықпайды.   

    Ол ұлттық қолөнердің мәртебесін көтеріп, заманауи бағытта дамытуды алдына мақсат еткен жан. Жүнмен жұмыс істеуді алғаш 2004 жылы жоғары оқу орнын бітірердегі диплом жұмысынан бастапты. Қазір шебердің бөлмесі қолөнер туындыларына толы. Киізден, жүннен заманға сай әртүрлі ойыншық, сөмке, бас киім, кеудеше, аяқкиім, сырмақ, қолсөмке, көрпе-жастық, бөстек, кәдесый, гүл, қуыршақ, басқа да дүниелер сөреде сықасып тұр. Пән кабинетінің бір жақ қабырғасын тұтас алып тұрған Алғыс хат, грамота, сертификат сияқты куәландыру құжаттары ұстаз еңбегін әйгілейді. Ол «Технология пәнін оқыту әдістемесі», «Жүн бұйымдарының технологиясы» кітаптарының авторы, осы тақырыпта 4 электрондық оқулығы бар.

    Жәмила Керімшеқызы Ақтерек орта мектебінде 15 жылдан бері «Сән шеруі» байқауын тұрақты ұйымдастырып келеді. Қолөнерді меңгерген 20-дан астам оқушысы мектептен кейін «Сымбат» сән академиясына, Алматы сервис және жаңа технологиялар колледжіне грантқа оқуға түскен. Шәкірттерінің алды жеке кәсіптерін ашып, ісін табысты жүргізуде. Соның бірі Айкерім Мамыт Жүргенов атындағы Өнер академиясын үздік аяқтады, танымал дизайнер, қазір өз брендін қалыптастыруда.

    Білікті ұстаз «Этностильдік бұйымдар» тақырыбында авторлық бағдарлама жазып, соның аясында жастарды ұлттық өнерге баулып келеді. «Оқушылар ою-өрнектің ежелгі нұсқалары мен атауларын, теориясын, маңызын,  композициялық құрылымын біліп, өздігінен ою-өрнек жасауды игереді.  Сабақтан үйренгенін тереңдетіп, өмірде қолдана алады», – дейді мұғалім.

    Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ақысыз, ерікті түрде «Киіз» үйірмесін жүргізеді. Үйірмеде орындалған жұмысты көрмелерге шығарады.  Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде малдың жүні ежелден үлкен маңызға ие. Оны ұқсатуды бабаларымыз бұдан мыңдаған жыл бұрын білген. Жәмила негізінен қой жүнін қолданады. Бұл – қолмен атқарылатын шығармашылық жұмыс. Өрнектің қандай болатыны шебердің сол сәттегі ой-қиялына байланысты. Жүн – экологиялық таза материал екенін айтады ол. Әлемде қазір экоматериалдан бұйым жасау трендте.  Киіздің ерекшелігі салқында суықтан, ыстықта күннен қорғайды. Дене температурасын бірқалыпты ұстайды. Дәрігерлер оны бел құяңын емдеуге де ұсынады. Бұрын жарақатқа киіз күйдіріп басатын болған. Өйткені қой жүнінің құрамында ланолин табиғи майы бар, ол жарақаттың тезірек жазылуына әсер етеді.

    Ұлттық құндылықтарды бала бойына өнер арқылы сіңіруді басты мұрат санаған Жәмила Есімова аудан, облыс, республика деңгейінде көптеген марапат алған, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Ұлттық дизайн академиясының академигі, «Қазақстанның Құрметті педагогы», «Ұлағатты ұстаз», «Үздік ұстаз», «Қазақстан патриоты» төсбелгілерінің иегері. Бұл күндері ол Түркияда өтетін  Наурыз мерекесіндегі қолөнер көрмесіне қатысу үшін Қазақстан делегациясының құрамында Ыстамбұл қаласында жүр.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

    Кеген ауданында ең қарт және ең жас сайлаушы дауыс берді

    2 years ago
    Ғасыр белесіндегі мектеп

    Ғасыр белесіндегі мектеп

    10 months ago
    Мейірімге бөлеген мереке

    Мейірімге бөлеген мереке

    1 year ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Су айдындарында қайғылы жағдайлар азайды

    12 months ago
    Отандық өнеркәсіпке маман даярлау қажет – Президент

    Отандық өнеркәсіпке маман даярлау қажет – Президент

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.