Перейти к содержимому
Главная страница » Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы сәуірде өтеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы сәуірде өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХII сессиясын шақыру туралы өкім шығарды. Кезекті сессия «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтпек.

ҚХА сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативті-кеңесші орган саналады және Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің басын қосады. Бұған дейінгі кезекті ХХХII сессия былтыр 29 қыркүйекте «Халық бірлігі — жаңарған Қазақстанның негізі» деген тақырыпта өткен.