-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұз айдынындағы тартыс

    18.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Мұз айдынындағы тартыс
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы Олимпиадалық резервтер дайындау орталығының мұз айдынында керлингтен Қазақстан Республикасының VI қысқы спартакиадасы өтуде. Жарысқа еліміздің 10 аймағынан 10 команда, 250-ден астам спортшы жиналды. Қатысушылар ерлер, әйелдер, аралас жұп және аралас команда болып бақ сынауда.

    Керлинг – мұз айдынында өтетін ойын. Ереже бойынша 2 команда кезекпен тастарды сызықпен белгіленген нысанға жібереді. Бұл спорт түрі өткен ғасырларда Шотланиядан бастау алған. Қазақстанда 2003 жылдан белгілі бола бастады. Әсіресе, 2017 жылы елімізде өткен халықаралық қысқы Универсиададан кейін танымалдылығы артты.

    «Соңғы жылдары керлинг спортына қызығушылық басым. Бұл спорт қысқы Олимпиада ойындары ішінде хоккейден кейін екінші орында тұр. Спартакиада төрт жылда бір рет өтеді. Жарыс нәтижесі бойынша үздік шыққан спортшыларды ҚР ұлттық құрама сапына қосып, алда өтетін халықаралық жарыстарға, қысқы Олимпиада ойындарына дайындау.

    Биылғы Спартакиада бағдарламасына 17 спорт түрі енді. Ойын маусымы аяқталуға жақын қалды. Қыркүйек айында жаңа 2025-2026 жылғы маусым басталады. Оған дейін керлингтен ұлттық құрама толығып, дайын тұруы керек», – деді «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанк» федерациясының бас хатшысы Ангелина Эбауэр.

    Мамандардың айтуынша, өткен маусым ұлттық құрама үшін жетістікке толы болды. Канадада өткен чемпионатта ерлер командасы күміс жүлде иеленсе, ал әйелдер қолаға қол жеткізді. Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылы Харбиндегі Азия ойындарында төртінші орын алды. Ұлттық құрама сапында Алматы облысының спортшысы Тылсымай Аллиярова да болды.

    «Керлинг – керемет ойын. Физикалық күш-қуатыңды арттырумен қатар командамен жұмыс істеуге, әр басқан қадамыңды бақылауға, өзіңді сергек ұстауға үйретеді. Мен 2017 жылдан Алматы облысы атынан жарысқа шығып жүрмін. 2021 жылы Алматыда өткен Азия – Тынық мұхиты чемпионатында, 2023 жылы Алматыда өткен халықаралық турнирде, 2024 жылы Канадада өткен панконтинентальды чемпионатта қола жүлдегер атандым», – деді керлингтен ҚР спорт шебері Тылсымай Аллиярова.

    Аталған жарысқа Алматы облысы атынан 10 спортшы қатысуда. Соның бесеуі – ҚР спорт шебері. Спартакиада Дүниежүзілік керлинг федерациясының (WCF) ережесі бойынша айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр.

    Аралас жұп арасында жеңімпаздар да белгілі болды. Айдос Аллияр мен Тылсымай Аллиярова спартакиада чемпионы атанды.

    «Жарыс қызықты өтіп жатыр. Қарсыластың осалы жоқ. Десек те көп жылғы тәжірибе өз нәтижесін берді. Біз Жетісу облысының командасын 8-1 есебімен ұтсақ, алматылықтарды 9-2 есебімен жеңдік», – деді керлингтен ҚР спорт шебері Айдос Аллияр.

    Ойыншыларды әлі 10 күндік жарыс күтіп тұр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 29 наурызда, финалдық кездесуден кейін өтеді.

    Ұсынымдар

    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    2 years ago
    Лайықты бағасын алса…

    Лайықты бағасын алса…

    3 months ago
    Алматы облысы мен Литва арасында өзара ынтымақтастық нығаяды

    Алматы облысы мен Литва арасында өзара ынтымақтастық нығаяды

    2 years ago
    Жаңару күні ағаш отырғызылды

    Жаңару күні ағаш отырғызылды

    1 year ago
    Ой-өрісті дамытатын спорт

    Ой-өрісті дамытатын спорт

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.