-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ірі жоба жүзеге асады

    09.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Ірі жоба жүзеге асады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасы «YTO Express» компаниясының басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяо­мен кездесіп, маңызды жобаны талқылады. Қытай компаниясы ұсынып отырған жоба жүзеге асқанда Алматы облысында алдағы екі жылда жаһандық көлік желісіне, БАӘ, Венгрия, Таиланд, Бразилия, Эфиопия және Америка Құрама Штаттарының ұқсас орталықтарымен қатар жүретін «YTO Express»-тің ең үлкен Орталық Азия мультимодальды логистикалық хабы жұмысын бастамақ.

    Бұл аймақтың экономикалық әлеуетіне оң әсер ететін тауарды өңдеу, сұрыптау және жеткізу мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. 2026 жылға қарай қытайлық инвестор­лар қазақстандық мультимодальды орталықты қамтитын ғаламдық жеткізу желісінің құрылысын аяқтауға ниетті.
    Кездесуде логистикалық хабтың құрылысы тек Алматы облысын ғана емес, бүкіл еліміздің дамуы үшін маңызды рөл атқаратыны жайлы сөз болды. Облыс әкімі осындай ірі жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдауды ұсынуға дайын екенін жеткізді.
    – Логистикалық хабтың құры­­лысы облыстың ғана емес, Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға оң әсер етеді. Біздің Қытаймен достық қарым-қатынасымыздың арқасында Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда дәстүрлі түрде жоғары деңгейде қалады. Екі жыл ішінде тауар айналымы тұрақты түрде 1 млрд доллардан асады, – деді Марат Елеусізұлы.
    «YTO»-ның басқарма төрағасы «YTO Express»-тің Қытайдағы ең ірі логистикалық компаниялардың бірінен саналатынын, компания қызметкерлері жарты миллионнан асатынын, иелігінде өзінің 19 жүк ұшағы және бірнеше мың жүк көлігі, паркі бар екенін тілге тиек етті. Бұл әлем бойынша жеткізудің жоғары жылдамдығы мен сенімділігіне мүмкіндік береді. Мейман жоба басталғаннан бері Алматы облысы әкімдігінің айтарлықтай қолдауына ие болғанын айтты.
    – Біз тапсырманың ауқымы мен маңыздылығын білеміз. Бұл жеткізу желісінің негізгі буыны болады. Осы жобаны 2-3 жыл ішінде бірлесіп жүзеге асыра аламыз, – дей келе, хаб салу үшін орын мәселесін шешу керегін алға тартты. Марат Елеусізұлы мәселені шешу жолы қарастырылатынын жеткізді.
    Қытайлық қонақ жоба эконо­микалық мақсаттардан басқа, мүдделі әлеуметтік аударым жасауға және елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығай­туға арналғанын атап өтті. Мейманның айтуынша, Қытай халық логистикалық компания­сы 2000 жылғы мамырда құрыл­ған. Шанхайда орналасқан. Компания­ның курьерлік жеткізілімі Гонконг­тың барлық ірі қалаларында, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда және Тайваньда жұмыс істейді. Елуден астам шетелдік бөлімі ашылған.
    Аймақ басшысы логистикалық орталықтың құрылуы жаһандық өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне жетуге, жобаларды сенімді түрде жоспарлауға және іске асыруға мүмкіндік беретінін айта кетті.
    Кездесу соңында екі тарап мамыр айында Қытайдағы компанияның бас кеңсесінде жолығатын болып уағдаласты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қайраткер атындағы қарашаңырақ

    Қайраткер атындағы қарашаңырақ

    7 months ago
    “Олқылықтан сабақ алуымыз керек”

    “Олқылықтан сабақ алуымыз керек”

    1 year ago
    Жыр сүлейіне арналған  мерейтойлық шара туған ауылынан басталды

    Жыр сүлейіне арналған мерейтойлық шара туған ауылынан басталды

    5 months ago

    Жұмыссыз азаматтарға мүмкіндік

    5 months ago
    Бас жүлде – «Алтын адам»

    Бас жүлде – «Алтын адам»

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.