Перейти к содержимому

Тәртіп – әділетті орнықтыратын күш

23 қаралым

Заң әділеттің өлшемі болса, тәртіп – сол әділетті күнделікті өмірде орнықтыратын күш. Ал азаматтық жауапкершілік – осы екеуін жалғап тұрған алтын көпір.

Бүгінгі Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – бейбітшілік пен тұрақтылық. Оны сақтау – баршаға ортақ парыз.

Заңды сыйлау – мемлекетке деген құрмет. Тәртіпті сақтау – қоғамға деген құрмет. Ал өзгенің құқығын құрметтеу – адамдықтың белгісі.

Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын тек құқық қорғау органдарының жұмысы ретінде емес, әр азаматтың өмірлік ұстанымы ретінде қалыптастыруымыз қажет.

Қоғамды өзгертудің ең үлкен күші – әр адамның өзінен басталатын жауапкершілікте. Егер, әр азамат өз ісіне адал болса, өзгенің құқығын сыйласа, заңды бұзбай, тәртіпті сақтаса, қоғам да өзгереді.

Тәртіпті азамат – тәртіпті отбасының негізі. Тәртіпті отбасы – тәртіпті қоғамның бастауы. Тәртіпті қоғам-қуатты мемлекеттің кепілі.

Ендеше, заңға құрметті жүрекке, тәртіпті өмір салтына айналдырайық. Өйткені, заң мен тәртіп орныққан жерде елдің ертеңіне деген сенім де берік болады.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы