Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мүлікке көз алартқанға мүмкіндік бермейік

Мүлікке көз алартқанға мүмкіндік бермейік

20 қаралым

Ұрлық көбіне үлкен жоспардан емес, кішкентай немқұрайлылықтан басталады. Ашық қалған көлік, құлыпталмаған есік, қараусыз жатқан телефон немесе әлеуметтік желіде жарияланған артық ақпарат – қылмысқа мүмкіндік беретін жағдайлардың біріне айналуы мүмкін.

Сондықтан мүлікті қорғау тек полицияның міндеті емес. Азаматтың өзінің сақтық шаралары да маңызды.

Үйден ұзақ уақытқа кететін кезде оның бос тұрғанын көпшілікке жарияламау, бағалы заттарды қауіпсіз жерде сақтау, көлікті жарық әрі бақылауы бар орынға қою – қарапайым ережелер.

Бұған қоса, қазіргі таңда мүлікке қауіп тек көшеден келмейді. Адамның банк шотындағы қаражаты да қылмыскерлердің нысанасына айналуы мүмкін.

Сондықтан мүлікті қорғау ұғымы бүгінде үй мен көліктен әлдеқайда кең. Ол адамның цифрлық қауіпсіздігін де қамтиды.

Қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – оған мүмкіндік бермеу.

Құлыпты қылмыс болғаннан кейін емес, одан бұрын жабу керек.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ