Жамбыл ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Берік Қапасов аудан тұрғындары мен жастарына үндеу жолдады. Онда полиция бөлімі есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізетіні айтылған.
Онда: «Есірткі – адамның денсаулығына, болашағына және қоғамның қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Заңсыз есірткі айналымына қатысу, сақтау, тасымалдау немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген.
Осыған байланысты ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға, олардың араласатын ортасына көңіл бөлуге шақырады. Ал жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға үндейді.
– Егер есірткінің заңсыз айналымына қатысты қандайда бір ақпарат білсеңіз, оны жасырмай, полицияға хабарлаңыз. Есірткіге – жол жоқ! Денсаулық пен қауіпсіз өмірді таңдаңыз! – дейді Жамбыл ауданының полиция бөлімінің бастығы Берік Қапасов.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы
