Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқықтық мәдениет – азаматтық сананың көрсеткіші

Құқықтық мәдениет – азаматтық сананың көрсеткіші

23 қаралым

Заңды білу – бір басқа, оны құрметтеу – бір басқа. Құқықтық мәдениеті жоғары адам өз құқығын ғана емес, өз міндетін де жақсы біледі.

Азаматтың құқықтық сауаты артқан сайын ол заңсыз әрекетке бой алдырмайды, өзгенің құқығын бұзбауға тырысады, мәселені күшпен немесе дау-жанжалмен емес, заң аясында шешуге ұмтылады.

Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру – «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудың маңызды бағыттарының бірі.

Бұл ретте отбасының тәрбиесі ерекше рөл атқарады. Бала заңға құрметті ең алдымен ата-анасының іс-әрекетінен үйренеді. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, қоғамдық тәртіпті сақтау, біреудің ақысын жемеу, адал еңбек ету секілді құндылықтар баланың бойына отбасынан сіңеді.

Мектеп қабырғасында берілетін құқықтық тәрбие де осы ұстаныммен сабақтасуы қажет. Жас ұрпақ заңды жазадан қорыққандықтан емес, оның қоғамдағы әділет пен тәртіпті қамтамасыз ететінін түсінгендіктен сақтауы маңызды.

Өйткені нағыз тәртіп – бақылаушы тұрған кезде ғана сақталатын тәртіп емес.

Нағыз тәртіп – адамның жалғыз қалғанда да заң талаптарын орындауы.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы