-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шеңгелді ауылдық округінде 10 балалар алаңы салынады

    12.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бұл туралы Ақөзек ауылының тұрғындарымен кездескен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов айтты.

    Әкім әуелі былтыр атқарылған жұмыстарға тоқталып, одан кейін алдағы жоспарларын бөлісті.

    «Былтыр Шеңгелді ауылында балалар ойын алаңы және 1200 метр арық желілері салынды. Осы жылы да Шеңгелді, Кербұлақ ауылдарында арық желілерін салу жоспарлануда», – деді шаһар басшысы.

    Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасау жоспарланған. Қазіргі таңда жоба-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

    «Ақөзек ауылында жаңа дәрігерлік пункт бой көтереді. Бүгінде жер телімінің құжаттары рәсімделіп жатыр», – деді Асхат Бердіханов.

    Қала басшысының мәліметіне сүйенсек, Шеңгелді ауылдық округінде демеушілердің есебінен 10 балалар спорт алаңы салынады. Сондай-ақ Қонаев қаласының Кешенді даму жоспарына сәйкес, барлық елдімекендердің көшелерін жарықтандыру көзделуде. Жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Сараптаманың оң қорытындысы шыққаннан кейін қаражат бөлу мәселесі қарастырылады.

    «2024 жылы Шеңгелді ауылының 3,7 шақырым электр желілеріне және 4 трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2 трансформатор жаңадан қойылды. Биыл мұнда 1 трансформатор қою және 3 шақырым электр желісн тарту жоспарлануда. Аталған жоба 6 көшені қамтиды», – деді қала әкімі.

    Сонымен қатар Асхат Бердіханов «Шеңгелді топтық су жүйесін қайта жаңғырту және салу» жобасы дайындалып жатқанын айтты. Жоба мемлекеттік сараптамаға наурыз айында өтеді.

    Жол-көлік инфрақұрылымына келсек, былтыр №2 сорғы станциясына баратын 6 шақырым жолға «ТОЛАҒАЙ 2050» ЖШС-нің демеушілігімен тас-құм төселді. Жалпы жоспарға сәйкес, 27 шақырым жол жөнделеді деп жоспарлануда. Оның ішінде: Кербұлақ (8 км), Сарыбұлақ (8 км), Қосқұдық (7 км), Ақөзек (4 км). Құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, мердігер компаниямен келісімшарт жасау көзделуде.

    Баяндама оқылған соң, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Шаһар басшысы оның бірқатары бойынша ақпарат ұсынып, жақын арада тағы да кездесу ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

    Ұсынымдар

    Қазақстан президенті Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

    Қазақстан президенті Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

    2 years ago
    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    11 months ago
    Мектебіміз апатты жағдайда тұр

    Мектебіміз апатты жағдайда тұр

    5 months ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Үкімет мұнай және көмір химиясы өнеркәсібіндегі ауқымды жобаларды жариялады

    3 months ago
    Оқырманға жол тартты

    Оқырманға жол тартты

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>