-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Соны көзқарас қажет

    29.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Соны көзқарас қажет
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Газетіміздің наурыздың 8-і, сенбі күнгі №27 (332) санында медицина ғылымдарының докторы, Райымбек, Ұйғыр аудандарының Құрметті азаматы Тұрарбек Төлендиевтің «Қыз есімі шежіреге кіре ме?» атты ой-сарабы жарық көрген еді.

    Мақаласын: «Қазақта шежіре не үшін жазылады? Оның мақсаты не? Ең алдымен айтар сөзімізді осы сұрақтарға жауап іздеуден бастасақ. Сонау әлмисақтан қазақ халқының әр руы өз шежірелерін жазған. Қазір де қайтадан жаңартып, толықтырып жазып жатқандар жеткілікті. Ататегін түгендеп, шыққан руын білгеннің еш айыбы жоқ. Қайта мұндай шежіре тарихымызды түгендеп, өткенімізді бүтіндеуге таптырмас мүмкіндік екені белгілі», – деп бастаған ақсақал осыған дейін жазылып келген шежіре форматын өзгертіп, соны үлгіде, яғни шежіреге белгілі бір атадан туған перзенттерін жазу барысында сол атаның кіндігінен өмірге келген қыз балаларын да тізімге қоса кеткен жөн деген уәж айтады.
    Сараптамалық дүниеде айтылып, келтіріліп отырған дәлел-дәйектер мен уәж соны сипаттағы заман тынысының талабына толық сай келетіні дау туғызбаса керек. Неге? Бұл сұраққа мақала авторының өзі жауап беріп өткен. Дей тұрғанмен, автор ойына біз де өз тарапымыздан біршама ой қоса кеткенді жөн санап отырмыз. Өйткені автордың «Бүгінгідей заманда қыз баланың есімін шежіреге не төркіні, не қайын жұрты қоспаса, сонда не болғаны?» деген сұрағы «Әр кәлләда бір қиял» қалың бұқараның арасында дау туғызып жүрген мәселенің шетін шығарып тұр. Шын мәнінде, ататекті, оның шежіресін тарқатқанда, әдетте, қыздың аты аталмайтыны баршамызға аян. Ел тарихында сарабдал ақыл-парасатымен, даналығымен дүйім бір елдің атауына, тіпті, ұранына айналған Домалақ ана, Қызай, Мұрын сияқты тұлғалы қыз-аналарымыздың қалғаны да көзі қарақты, көкірегі ояу қазақтың жадында. Мұның барлығы – өз алдына бір үлкен, түйіні шешімін тапқан дүние.
    Ал енді бүгінгі таңдағы өзі медици­на ғылымдарының докторы атанып отырған автордың қойып отырған сауалы тарихшыларымыздың құлағы­на алтын түгілі, платинадан сырға ілгендей-ақ жайт. Автор: «Мәселен, бір қыз баласы төркінін іздеді делік. Жалпы, қыз баласы аса бауырмал, қамқор екендігі бәрімізге белгілі. Енді ол қыз ұрпағына нағашыларының кім екенін, қалай таралатынын білсе екен деп шежірені көрсетсе, ал ол жерде қыз туралы ештеңе жазылмаса, не істейді? Туыстары жоқ, анасы дүниеден ерте қайтса ше? Жиендер шежірені қайдан біледі?» – деп сұрақ қояды. Әзіл тұрғысында «Жиен ел болмас, желке ас болмас» дегенді айта жүріп, жеті атаға дейін қыз алыспауды өсиет еткен қазақ «немерелі-жиенді туысқан қыз бен жігіттің қойындасып қалу ықтималдығы», яғни қан тазалығы деген аса бір шетін мәселені назардан тыс қалдырған сияқты.
    Әлқисса, автор: «Отбасында ұл баласы болмаса, қызының (қыздары­ның) аты ғана жазылсын, оның балалары (жиендер) жазылмасын. Олардың басқа рудың балалары екені айтпаса да түсінікті. Тіпті ұлы болса да, қыз бала есімін жазып қойған­ның еш сөкеттігі жоқ деген ойдамыз. Осыны бұрмаламай, дұрыс түсінейік», – деген ұсыныс айтады. Өте дұрыс деп ойлаймыз. Әрі осы тұста халқымызда белең алып бара жатқан мынадай бір оғаш әдет туралы айтпай кетуді тарихқа сын деп санаймыз.
    Қазіргі күні жиенді де немере, немерені де немере деп атап, қойырт­­пақтандырып кетті. Осы тұрғы­дан келгенде кейбір сауат-түсінігі аз бауыр­ларымыз үшін айта кету – парыз. Қазақ немерені ұрпақ сабақ­тастығын жалғастырып, кіндігін ұзартар ұрпақ деп қарайды. Ал жиеннің орны, құқығы мен еркіндігі – өз алдына жатқан бір әңгіме, бір ғана жиен, жиендік деген тақырып­та диссертация қорғауға болады. Қызметтік функциясы мен еркіндік, құқықтық тұрғыдан немере мен жиеннің өзді-өз белгіленген мәртебесі мен құрметі бар. Сондықтан жиенді «жиенім» деп айтуға арлануды қою керек. Қызды шежіреге кіргізейік деп әспеттей отырып, одан туған жиенді өз атымен атауға келгенде неге бет­моншағымыз үзіле қалады? Сізге жиен болса, құдаңызға – немере. Ол жақтың да намысы мен ұятын, қадір-құрметін ұмытпауымыз керек. Демек, шежіреге қызды жазсақ та, одан туған жиендерді кіргізбеудің себебі өзінен-өзі айқындалып тұр. Жиен – құдаңыздың кіндігін ұзартушы, ертеңін жалғастырушы. Ата-бабамыз соның барлығын біліп, әрқайсысының орны мен мәртебесін, қадір-қасиетін айқындап, белгілеп беріп кеткен.
    Мақала авторы Тұрарбек Төлендиев ақсақалдың көтеріп отырған мәселе­сінің жаны бар әрі орынды жайт деп ойлаймыз. Сондай-ақ осы сөз болып отырған мәселе жалпыхалықтық талқылауға салынып, белгілі бір ізге түсірілгені құба-құп болар еді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    2 years ago
    ӘУЕ ШАРЫ

    Қонаевта референдум қарсаңында аспанға әуе шары көтерілді

    8 months ago
    Шахматшы ата

    Шахматшы ата

    5 months ago
    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    2 years ago
    Рұқсат етілмеген жерде шомылған 30-ға жуық адам жауапқа тартылды

    Рұқсат етілмеген жерде шомылған 30-ға жуық адам жауапқа тартылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.