-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Тағылымы мол кездесу

    15.03.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Тағылымы мол кездесу
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Шелек политехникалық колледжінде Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, жазушы Сәуле Досжан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, полковник Қараби Мұхамбетқалиевтің қатысуымен тағылымды кездесу өтті.

    Шараны колледж дирек­торы Қуат Дүйсебаев ашып, құрметті қонақтар­ды таныс­тырды. Бұл шара облыс­қа танымал әскери ұстаз Әсет Көшербайұлының ұйытқы болуымен өтіп отырғанын айтып, бұған дейін де колледж­де осындай маңызы зор кездесу­лер ұйымдастырылып, оған республикаға белгілі ұстаз, Еңбек Ері Аягүл Миразова, көп жыл Парламент Мәжілісінің депутаты болған «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл қатысқанын жеткізді.
    Кездесуде сөз алған Сәт Тоқпақбаев студенттермен емен-жарқын әңгіме­лесіп, Алматы облысының Іле ауданы КазЦИК ауылында туып-өскенін, ата-анасы­ның ұжымшарда қарапайым жұмысшы болғанын, мектеп бітіре салысымен жұмыс істеп, әке-шешесіне көмектескенін айтты.
    – Бала кезімде өскенде бар­лау­шы боламын деп алдыма мақсат қойдым. Сол арманым орындалды. Бастапқыда оқуға түсе алмай, ауылда қара жұмыс істедім. Бірнеше талпыныстан соң, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түстім. Студент кезімде Боралдай кірпіш зауытында от жағушы болып қосымша жұмыс істедім. Білімімді жетілдіру үшін Ресей, Қытай, АҚШ-та оқып, 7 елдің тілін жетік меңгердім. Шет мемлекеттерде де жұмыс істедім, – деген Сәт Бесімбайұлы өмір жолына қысқаша тоқталды. Кезінде ҚР Қорғаныс министрі, Президент жанындағы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес және мем­ле­кеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселе­лері жөніндегі комис­сиясының басшы­сы қызметтер­ін абыроймен атқарғанын, Парламент Мәжілісінің депу­таты болғанында ҚР Қарулы Күштерінің халықаралық деңгейде дамуына көп көңіл бөлгені туралы айтып берді.
    Сөз кезегін алған жазушы Сәуле Досжан студенттерге ақыл-кеңесін айтты. «Қазір жақсы оқысаңдар, болашақта мықты кәсіби маман боласыңдар. Оқу мен адал еңбектің арқасында биік мақсатқа жетесіңдер. Бүгінде көп жастар ақша табамыз деп шетелге барып, Қазақстанға жете алмай жүр. Одан да оқыған мамандықтарың бойынша жұмыс істеп, ата-аналарыңа көмектесің­дер. Сонда келешектерің жарқын болады», – дей келе, бірқатар кітабын колледжге сыйға тартты.
    Генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев­­пен Ұлттық қауіп­сіздік комите­тінде көп жыл бірге жұмыс істеген, 34 мемлекетте іссапарда болған, 6 шет тілін білетін полковник Қараби Мұқанбетқалиев те естелік­тері­мен бөлісті. Ол өз сөзінде генералдың қатал талап қоятын басшы болғанын айтып, «Өмір-ай» кітабын сыйға берді.
    Жиынға қатысқан Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы, Шелек ауылы әкімінің орынбасары Қуат Абдакимов, әкім­шілік қызметте көп жыл істеген ардагер Нұрлан Ердәулетұлы, «Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің тілшісі Анарбек Бердібаев бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болғанын айтып, шара қонақтарына ризашылығын білдірді. Колледж директоры да құрметті қонақтарға қазақтың киелі шапанын жауып, алғысын жеткізді.
    Студенттер өздері дайын­даған шағын концерттік бағдарламасын тарту етіп, генерал бастаған қонақ­тармен естелік суретке түсті.

    Әсел Серікқызы,
    Шелек политехникалық колледжінің оқытушысы
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «Таза Қазақстан»: Жалағашта 10 мың дана шренк шыршасы отырғызылды 

    «Таза Қазақстан»: Жалағашта 10 мың дана шренк шыршасы отырғызылды 

    1 month ago
    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    2 years ago
    Виртуалды әлем

    Виртуалды әлем

    2 months ago
    Мен – Қарадаламын!

    Мен – Қарадаламын!

    2 years ago
    Қаламы қарымды журналист Қанат Біржансалұлы өмірден озды

    Қаламы қарымды журналист Қанат Біржансалұлы өмірден озды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.