Перейти к содержимому
Главная страница » Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Осы жылдың 14 наурыз күні Заречный кентінде Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының жекелеген топтарының оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актісінің жолын кесу шараларын жетілдіруге бағытталған.

Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға, көлік пен адамдар қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облысының жедел штабы