-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау маңызды

    20.03.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Идеология
    Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау маңызды

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қонаев қаласында облыс Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау маңызды әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары Ерік Абитов жүргізіп отырды.

    Басқосуға басқарма басшылары, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Қонаев және Алатау қалалары әкімдерінің
    орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

    Кеңестің биылғы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсыну турасында білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лейлә Серікбаева, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі
    басқарма басшысы Мәди Ахметов есеп берді. Ал негізгі баяндаманы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов оқыды.

    Басқарма басшысы өз сөзінде: «Мемлекет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың нысаны – мемлекеттік тапсырыс. Алматы облысында мемлекеттік әлеуметтік  тапсырыстарды 6 облыстық басқарма: ішкі саясат, дін істері, білім, денсаулық
    сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар мен 9 аудандық және 2 қалалық ішкі саясат бөлімдері жүзеге асыруда.
    Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары – халықтың әлеуметтік осал топтарын, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды
    мүдделерін қорғау, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.
    Өткен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша 952,2 млн теңгеге жоспарланған 75 жоба, соның ішінде ішкі саясатбасқармасы тарапынан 53,5 млн теңгенің 6 жобасы іске асырылды.
    Облыстық ішкі саясат басқармасы 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларыныңтақырыптарын басқарманың ресми сайтында жариялап, 15-28 қаңтар
    аралығында үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қабылдады. Нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында», «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметініңтиімділігін арттыруға жәрдемдесу
    бойынша», «Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында» және «Отбасылықдемографиялық және гендерлік мәселелер бағытында» 4 жоба ұсынылып, қабылданды», – деді.
    Ерік Әзілжанұлы баяндамасын қорытындылай келе, аталған істің тиісті деңгейде жүзеге асырылуы үшін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, оның іске асырылу мониторингі және
    нәтижелерін бағалау» қағидаларында көрсетілген ережеге сәйкес жұмыс жасау қажеттігін еске салды.

    Ұсынымдар

    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Бір арнаға тоғысса…

    6 months ago
    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    2 years ago
    ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    7 months ago
    Рұқсат етілмеген жерде шомылған 30-ға жуық адам жауапқа тартылды

    Балаларға бас-көз болыңыз

    10 months ago
    Ұшуды армандайтындар үшін…

    Ұшуды армандайтындар үшін…

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.