-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үлкендегі үлкен іс

    27.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Үлкендегі үлкен іс
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданының Үлкен
    ауылдық округіне барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.
    Сапар барысында аймақ басшысы ауылды жандандыру мен инфрақұрылымды
    жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.   

    Әкім «Әбілқайыр» ЖШС-на қарасты балық зауытының жұмысымен таныс­ты. Зауыт директоры Ринат Мурзалиевтің айтуынша, кәсіпорын жылына бір­неше тонна балық өңдеп, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Марат Елеусізұлы өндіріс орнының әлеуетін жоғары бағалап, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы бастамаларды қолдайтынын жеткізді. «Ауыл шаруашылығын дамыту – біздің басты міндетіміздің бірі. Осындай өндіріс орындары халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, экономикалық өсімге ықпал етеді», – деді облыс әкімі.
    Үлкен ауылындағы су жинау торабы­ның жұмысымен де танысты. «Жамбыл Су» МКК басшысы Арман Кемелбеков су тазарту қондырғысының мүмкіндігі мен технологиялық процесі туралы баяндады. Сонымен қатар ауылдық амбулаторияның құрылыс жұмысын көрді. Мұнда облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев нысан­ның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді. Әрі қарай бұрынғы балабақша ғимаратының жай-күйімен танысты.
    Марат Сұлтанғазиев нысандарды тиімді пайдалану бойынша тиісті атқарушы орган басшыларына ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Орынбасары Әсет Масабаевқа ауылдағы ғимараттардың жағдайын жан-жақты тексеріп, сәулет және құрылыс басқармаларымен бірлесіп, жөндеу жұмысын ұйым­дастыруды жүктеді. «Ауылдағы барлық ғимараттың жағдайын мұқият қарап, қажетті жөндеу жұмысын жүргізу керек. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам», – деді.
    Жұмыс барысында облыс әкімі туризмді дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жағажай аймағын ретке келтіруді тапсырды. Абаттандыру шаралары арқылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Су жүйелерін жаңғырту мен жол салу мәселесі де аймақ басшысының назарынан тыс қалмады. Жауапты тұлғаларға ауылдағы су жүйелерін қайта қарап, жол инфрақұрылымын жақсар­тудың нақты шараларын қабылдауды міндеттеді. Сондай-ақ Үлкен ауылындағы тұрғын үйлердің жағдайына баса назар аударды. Қазір елдімекендегі 1200 пәтердің 600-інде тұрғындар тұрып жатыр, бос тұрған 500 пәтерге қайта қоныстандыру жоспарлануда. Әкім бұл мәселені шешу үшін кешенді жұмыс жүргізуді тапсырды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасқа ауылды жандандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында нақты шаралар қабылдау жүктелді.
    Облыс әкімі ауылдың орталық аллеясын­да зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жергілікті тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. «Халықтың талап-тілегін ескеріп, ауылды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға күш саламыз. Сапалы инфрақұрылым мен әлеу­меттік нысандар – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың басты факторы», – деп атап өтті облыс әкімі.
    Сапарының соңында жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсыр­малар берді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    “Мал ұрлығын тоқтату” жобасы іске қосылды

    “Мал ұрлығын тоқтату” жобасы іске қосылды

    1 year ago
    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    7 months ago
    “Наурыздың” тұрғындары

    “Наурыздың” тұрғындары

    1 year ago
    АЭС құрылысын қоғам қолдауда

    АЭС құрылысын қоғам қолдауда

    9 months ago
    Ғасыр-ғұмыр

    Ғасыр-ғұмыр

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>