Перейти к содержимому
Главная страница » Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасын бекіту туралы» Үкімет қаулысына қол қойды.
Тұжырымдама мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласында қолдану аясын кеңейтуге және оның мәртебесін арттыруға ықпал етпек.
Тұжырымдама 6 бөлімнен және іс-қимылдар жоспарынан тұрады.

Құжатта айқындалған басты міндеттің бірі — қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру. Ол жұмыстар әліпби нақты нормативтік құжаттармен бекітілгеннен кейін кезең-кезеңімен іске асырылады.

Жалпы, тұжырымдаманы іске асыру аясында 2029 жылға қарай мына нәтижелерге жету жоспарланып отыр:
— республика бойынша қазақ тілінде сөйлейтін тұрғындардың үлесі — 84%;
— үш тілде сөйлейтін тұрғындардың үлесі — 32%;
— жаңа әліпби мен емле ережесін оқыту курсымен қамтылған тұрғындар үлесі — 15%;
— орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі — 94%;
— қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің емле ережесіне негізделген терминологиялық қордың үлесі — 40%.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 16 қазаннан бастап күшіне енді.