Тұрғын үйдегі тыныштық пен өзара сыйластық – жайлы өмір сүрудің маңызды шарттары. Түнгі уақытта қатты музыка қою, ортақ аумақты ластау немесе көршілердің демалуына кедергі келтіру адамдар арасындағы келіспеушілікке себеп болуы мүмкін.
Мұндай мәселелердің алдын алу үшін тұрғындар бір-бірінің құқығына құрметпен қарауы керек. Келіспеушілік туындаған жағдайда жанжалды ушықтырмай, мәселені сабырмен шешуге тырысқан жөн. Ал жағдай құқық бұзушылыққа ұласса, заңды жолмен әрекет ету маңызды.
Қоғамдық тәртіп тек көшеде ғана емес, әр тұрғын үйден басталады. Ортақ кеңістікті таза ұстау, тыныштықты сақтау және өзгелердің мүддесін ескеру адамдар арасындағы сенімді нығайтады.
ЕРЗАТ АСЫЛ

