Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Телефонға алаңдаған жүргізуші – қауіп көзі

Телефонға алаңдаған жүргізуші – қауіп көзі

24 қаралым

Көлік жүргізіп келе жатып телефонға қарау немесе хабарлама жазу жүргізушінің назарын жолдан бөледі. Бірнеше секундқа созылған алаңдаушылықтың өзі жолдағы жағдайды дұрыс бағалауға кедергі келтіруі мүмкін.
Күтпеген жерден жаяу жүргінші шығуы, алдыңғы көлік кенет тоқтауы немесе жолда басқа кедергі пайда болуы ықтимал. Мұндай сәтте жүргізушінің дер кезінде әрекет етуі маңызды. Сондықтан қозғалыс кезінде телефон пайдаланудан бас тартып, қоңырау шалу қажет болса, қауіпсіз жерде тоқтаған дұрыс.
Жол ережелерін сақтау тек айыппұлдан құтылу үшін емес, адам өмірін қорғау үшін қажет. Рөлдегі жауапкершілікке жеңіл қарамау – әр жүргізушінің міндеті.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑