Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Тәртіпті қоғам әр адамның таңдауынан қалыптасады

Тәртіпті қоғам әр адамның таңдауынан қалыптасады

25 қаралым

Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылық бір күнде қалыптаспайды. Ол күнделікті сақталған ережелерден, өзара құрметтен және заңға деген жауапкершіліктен басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, интернетте сақ болу және жол қозғалысы ережелерін орындау – қарапайым көрінгенімен, маңызы зор әрекеттер.
Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа төзбеу, есірткінің заңсыз айналымына араласпау және алкогольді зиянды тұтынудың алдын алу да қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Бұл мәселелерге тек құқық қорғау органдары емес, әрбір отбасы мен азамат жауапкершілікпен қарауы керек.
«Заң мен тәртіп» – тек ұран емес, күнделікті өмірде орындалуы тиіс қағида. Әр адам өз әрекетіне жауап беріп, өзгелердің құқығын құрметтегенде ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптасады.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑