-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Виртуалды әлем

    29.03.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Виртуалды әлем
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

          Жалғас жастайынан қазақы тәрбие алып, ата-әжесінің қолында өсті. Әжесі күн сайын оған ертегі айтып беретін. Жалғастың достары да көп еді, асық ойнап, доп тебуден жалықпайтын.

    Бір күні Жалғастың туған күні келді. Немересін қуантқысы келген ата-әжесі оған жаңа телефон сыйлады. Қуанышында шек болмаған Жалғас ата-әжесінің мойнына асылып, алғысын жаудырды. Бірақ уақыт өте келе, телефон Жалғастың өмірінде ерекше орын ала бастады. Ол бұрынғыдай далаға шықпай, экранның ар жағындағы виртуалды әлемге еніп кетті.
    Күн сайын асық ойнауға, доп тебуге шақыратын достары оның сыртқа шықпай қойғанын түсінбей, бір күні үйіне келіп:
    – Не болды, Жалғас? Неге бізбен ойнамайсың? – деп сұрады.
    Телефонның қызығына кіріп кеткен Жалғас оларды тезірек қайтарғысы келіп:
    – Қашан кетесіңдер? Мен далаға шықпаймын, – деп жауап берді.
    Бұл сөздерге ренжіген достары үнсіз бұрылып, кетіп қалды. Сол күннен бастап олар Жалғасты қайта шақырмады.
    Ал кешке ертегі тыңдауды әдетке айналдырған Жалғас енді әжесінің жылы сөздеріне құлақ түрмей, түрлі видеолар көруге әуестенді. Бұған алаңдаған ата-әжесі:
    – Ай, балам, телефонда көп отыра бермесеңші, – деп бірнеше рет ескерту жасады.
    – Ештеңе етпейді, бәрі жақсы! – деп қоя салды Жалғас.
    Алайда көп ұзамай сабағы төмендеп, сынып жетекшісі ата-анасына хабарлама жіберді. Оқуының нашарлап кеткенін естігенде, ата-әжесі телефон алып бергеніне өкінді. Атасы ауыр күрсініп:
    – Біз сені қатты еркелетіп жібердік. Саған телефон сыйла­ғаны­мызбен, тәуелділікке жол ашқанымызды кеш түсініп отырмыз, – деді.
    Жалғас бұл сөздердің байыбына бара қоймады. Ол үшін телефон ең қызықты дүние еді.
    Бір күні дүкеннен келе жатқан Жалғасты өзінен үлкенірек балалар тоқтатып, маза бермей, ақыры телефонын тартып алды. Жалғас еш қарсы тұра алмады. Дәл сол сәтте күтпеген жерден бұрынғы екі досы жүгіріп келіп, әлгі балалармен күресе кетіп, телефонын қайтарып берді.
    Жалғас:
    – Рақмет сендерге! – деді ағынан жарылып.
    Алайда реніштері әлі де басылмаған достары:
    – Бізден артық көрген досың осы телефон емес пе? Сонда ол неге сені қорғап қалмады? – деп сұрады.
    Сол кезде ғана Жалғас өзінің телефонға деген тәуелділігі достарынан алыстатып жібергенін түсінді.
    – Қалай сендер жеңіп кеттіңдер? – деп таңғала сұрады.
    – Сен телефонмен үйде жатқанда, біз спортпен айналыс­тық, жаттықтық, – деп жауап берді достары.
    Жалғас бұған қатты қызығып:
    – Мені де жаттығуға бірге апарыңдаршы! – деп өтінді.
    Достары күлімдеп:
    – Ал қолыңдағы досың жіберер ме екен сені? – деп әзілдеп қойды.
    – Оны мен өзім шешемін! – деді Жалғас нық сеніммен.
    Сол кеште ол үйіне келіп, ата-әжесін құшақтап:
    – Мен енді телефонда көп отырмаймын, сабағымды дұрыс­таймын! – деді.
    Әжесі немересінің дұрыс жолға түскеніне қуанып:
    – Жарайсың, қарағым! Ал енді ертегі айтып берейін бе? – деп сұрады.
    – Әрине, әже! Сіздің ертегі­леріңіз телефоннан да қызық! – деп жауап берді Жалғас. Әжесі мейірімге толы жүзбен жымиып, ертегі айтып берді. Ал Жалғас бұл жолы телефонға емес, өзіне нағыз жақын жандарға көңіл бөлгеніне қуанып, тәтті ұйқыға кетті.

    Нұрдәулет Әлекұлы,
    Рахат орта мектебінің 11-сынып оқушысы
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    2 years ago
    Үздіктер анықталды

    Үздіктер анықталды

    6 months ago
    ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҒЫЛЫМДА

    ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҒЫЛЫМДА

    4 months ago
    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    12 months ago
    БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БӘРІМІЗ  ЖАУАПТЫМЫЗ

    БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>