-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жыр алыбы – Жамбыл

    04.03.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жыр алыбы – Жамбыл
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Жамбыл ауданында салтанатты жиын өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар және тұрғындар қатысты. Жырауға арналған дәстүрлі рухани шараға облыс әкімінің орынбасары Болат ­Күреңбеков аймақ басшысының ­ықылас-ниетін ала келді. Қонақтар алдымен Жамбыл ауылындағы ақынның әдеби-мемориалды музейіне барып, еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Музей ­ауласындағы кесенеде тізе бүгіп, рухына тағзым етті.

    Ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кештің алғашқы сөзін облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков алды:
    – Жамбыл Жабаев – қазақ әдебиетінің алыбы, сөз өнерінің тұғырлы тұлғасы. Оның поэзиясы халықтың жүрегінен орын тапты. Жырлары тек қана ұлттық өнерді дәріптеп қана қоймай, бүкіл әлемге қазақ халқының мәдениеті мен тарихын танытты. Халықтың арман-мұратын, батырлық пен қайсарлық, ерліктің ұлы жолын паш ететін шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа құнды мұра болып қала бермек. Ақын шығармашылығы біз үшін әрдайым – өрлеу мен табандылықтың символы, – деді Болат Қайратұлы.
    Белгілі қаламгер Қасымхан Бегманов көпшілікке Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің сәлемін жеткізді. Одақта қазір жарқын жобалар қолға алынып жатқанынан хабардар етті. Сондай жобаның бірі – шетел мұрағаттарында қазақтың тарихына қатысты қалтарыста қалып қойған мұраларды іздеп-тауып, жариялау. Былтыр ақын-жазушылар 16 елге сапарлап, онда ұлт тұлғаларына қатысты бұрын белгісіз болып келген деректер қамтылған жинақтар шыққан. Сондай кітаптың бірі Грузия сапарына арналғанын былайша әңгімеледі:
    – Қазақтың саяси тұлғалары және қазақ ақын-жазушыларының Гүржі елімен әдеби-мәдени байланысын зерттедім. Сол сапарымда ел астанасы Тбилиси қаласындағы орталық мемлекеттік мұрағаттан қазақ үшін құнды дерек табылғаны жайында кітапта баяндалды. Сонда 1937 жылы Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты дастанының 750 жылдық мерейтойына арнайы келген Қазақстан делегациясы туралы деректі фильмді таптым. 1937 жылы таспаға жазылып, келесі жылы жарыққа шыққан екен. Бірақ сол шараға қатысқандардың көпшілігі бір жылдан кейін жаппай саяси репрессияға ұшырауынан фильм көрсетілмей, мұрағатта жатып қалған. 49 минуттық фильмде Жамбыл 4 минут бойы жырлайды. «Қара дауыл құйындай» жыр нөсерін селдеткен қарт жыраудың бейнесі, қырандай саңқылдаған дауысы тұнып тұрған тірі тарихты, келмеске кеткен күндердің елесін көз алдыға келтірді, – деген Қасымхан Сейітханұлы Грузия сапарынан жазылған кітапты ақын мұражайының меңгерушісі әрі немересі Салтанат Жамбыловаға тапсырды.
    Салтанатты жиында белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы келесі жылы ақынның 180 жылдығы екенін еске салды.
    – Жамбыл – қазақтың атын әлемге танытқан тұңғыш қазақ. Даңқы Алатау асып алысқа кетті. Шығармасы 160 тілге аударылды. Ол – қазақтың ұлылығын, ақындығын, поэзиямыздың ірілігін көрсете білген бірден-бір тұлға. Биыл Абайдың 180 жылдығына орай ақын музейімен бірлесе «Ұлылар үндестігі» атты шара өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді жазушы.
    Жиында Алматы облысының Құрметті азаматы Әскербек Абаев өз естелігімен бөліссе, мектеп оқушылары Жамбыл жырларын оқыды. Соңынан тамаша концерттік бағдарлама ұсынылды. «Сүйінбай сазы» ансамблінің ән-шашуымен ашылған өнер кешінде жыр алыбының әндері орындалды.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    8 months ago
    Гүлденсе ауыл…

    Гүлденсе ауыл…

    7 months ago
    Елдігімнің белгісі

    Елдігімнің белгісі

    1 year ago
    Тұрғындар қарқынды дауыс беруде

    Тұрғындар қарқынды дауыс беруде

    2 years ago
    Өкпе дерті өрши түскен

    Өкпе дерті өрши түскен

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>