-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алпыстың асқарында

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Алпыстың асқарында
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қасиетті Қарасай жері­нің өсіп-өркендеуі жолында еңбегін елге арнаған азаматтар аз емес. Олардың әрбірі – әр саланың тұтқасын ұстап, кейінгі ұрпаққа өнегелі істерімен үлгі болып, халық алдында сый-құрметке бөленіп жүрген жақсы жандар. Солардың арасында есімін ерекшелеп айтатын, қайсар мінезді, жарқын жүз­ді, Қарасай ауда­ны­­ның Құрметті аза­маты Сәкен Шаймолдаевты айрықша атап өтуге болады.

    Ұзақ жыл құқық қорғау жүйесінде еңбек еткен арда азамат асқаралы алпыс жастың асуына шалдықпай, шаршамай жетіп отыр. Азаматтық келбеті, еңбекқорлығы, өз ісіне деген жауапкершілігі, тиянақтылығы өз алдына бір төбе. Сәкен аға осынау мерейлі жасқа дейін әрдайым абырой биігінен көрініп, қызметтік бағытында талай жетістікке жетті. 1965 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Жангелді ауылында дүниеге келген ол 1982 жылы осы өңірдің Рославль кеңшарында орта мектепті аяқтап, бір жыл қой бағып, ауылдағы әкесіне қолғабыс еткен. Одан кейін Кеңес әскерінің қатарында болып, Германия еліне әскери борышын өтеуге аттанған. Мұнда екі жыл іс басқарушы ретінде әскери міндетін орындап, 1985 жылы Отанына оралды. Осы жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылығы институтының инженер-механик факультетіне оқуға түседі. Дәл осы оқу ордасында білім алып жүріп 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Жастармен бірге елдің ертеңі үшін алаңдап, қайсар қыз-жігіттердің ортасынан табылып, белсенділік танытып жүргенде әскерилердің соққысына жығыл­ған. Алайда ол рухын жоғалтпай, намыс­шыл қазақ жастарымен бірге мемлекеттің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тікті.
    Студент Сәкен оқу ордасында көшбасшылардың бірі ретінде қоғам белсендісі, комсомол прожек­торы болып, белсенді білім­гер­лердің қатарынан табыл­ды. 1990 жылы инженер-механика маманы атан­ды. Осы жылы жолдама арқылы Алматы облысы Кеген ауданындағы Тоғызбұлақ ұжымшарында меха­ник ретінде алғаш еңбек жолын бастады. Оның жұмысқа деген адалдығы, әрбір іске жауапкершілік танытуы басшылықтың сеніміне және жоғары бағасына ие болды. Осылайша гараж меңгерушісі, бас инженер сияқты жауапты міндеттерді орындап, жоғары қызметтерді абыроймен атқара білді.
    Сәкен Қырғызалыұлының қызыққа әрі тосын оқиғаға толы, жемісті жетістікке ұласқан еңбек жолының біразы құқық қорғау саласында өтті. Техника маманы болғандықтан, бұл жауапты қызметті 1993 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің шақыртуымен Бас басқарма жол полициясының аға инспекторы ретінде бастады. 1997 жылы Алматы облысы ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының штабына бас маман болып орналасты. Сәкен Шаймолдаев осындай қырағылық қажет жұмысты атқара жүріп, өз білімін жетілдіруді де ұмытқан жоқ. 2003 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетін бітірді. Ал 2005 жылы Қарасай ауданының ішкі істер басқармасының әкімшілік-тәжірибе бас маманы, одан кейін 2009 жылы Қарасай ауданы жол полициясының бастығы, 2013 жылы аталмыш органның қоғам­дық тәртіп жөніндегі бастықтың орынбасары қызметін атқарды.
    Осындай түрлі басшылықта жұмыс істеген Сәкен Қырғызалы­ұлы әрдайым ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Оның ішкі істер саласындағы қызметі ширек ғасырға жетіп, 2015 жылы еңбек өтілінің 25 жыл толуына байланысты құрметті демалысқа шықты. Сәкен аға зейнет­кер болса да осы уақытқа дейін аудан көлеміндегі қоғамдық жұмысқа белсене араласып, патриоттық және ұрпақ тәрбиесі бағытындағы түрлі іс-шарадан қол үзген емес. Әсіресе, Тәуелсіздік мерекесі аясында Жел­тоқ­сан ардагері ретінде мектеп, колледж, университет сияқты білім ошақтарындағы талай кездесуде бой көрсетіп, жастарға ағалық ақылын, өсиеттерін айтып келеді.
    Сәкен Қырғызалыұлының еңбегі ешқашан ескерусіз қалмаған. Құқық қорғау саласында атқар­ған қалтқысыз қызметі үшін «Ішкі істер органдарының үздігі» атанып, «Желтоқсан ардагері», «Желтоқсан қаһарманы», «ҚР Патриоты», «Егемен ел патриоты», «Қазақстан полициясына – 30 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне – 30 жыл» сияқты түрлі сипаттағы медальдардың иегері болды. Сондай-ақ Президенттің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, Алматы облыстық ішкі істер департаменті­нің, Қарасай аудандық ішкі істер басқармасының, Алматы облысы әкімінің, Қарасай ауданы әкімінің және Алматы облыстық Азаматтық альянсы төрағасының Алғыс хат­тарымен марапатталған. Ерекше атап өтер тағы бір жетіс­тігі әрі еңбегінің бағалануы – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына есімінің енуі.
    Тағы бір айта кетерлігі, ардақ­ты азамат қызмет жолында Қарасай ауданының әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуына сүбелі үлес қосып, өңірдің өсіп-өркендеуі үшін еңбегін аянып қалмады. Зейнет жасында болса да, осы ауданның тыныс-тіршілігіне араласып келеді. Сәкен ағаның осынау ізгі қасиеттері аудан басшылығы тарапынан ескеріліп, оған 2020 жылы өңірлік мәслихат шешімімен «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Одан бөлек 2023 жылы «Bilim оrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республикалық байқауда бағы жанып, «ҚР Құрметті азаматы» атағын жеңіп алды. Бұл да оның қызметінің жемісі әрі жеңісі деп білеміз.
    Ғұмыр жолында өз саласында жетістікке жетіп, мемлекеттің дамуына бір адамдай үлес қосып, патриоттық қасиетімен дараланған Сәкен ағаның сара жолы үлгі аларлық. Сондықтан ізгіліктің жолында атқарған ізгі істері кейінгі жас ұрпаққа жазба ретінде қалса, артық болмас. Осы ретте Сәкен Қырғызалыұлының қаламынан туған патриоттық негізде жеке кітабы шыққанын айтуға болады. «Сәкеннің сара жолдары» деп аталатын рухани құндылықта оның өмір мен еңбек жолдары, қалтқысыз қызметіне қатысты айқын ақпараттар қамтылған. Автордың кітабынан бөлек, арнайы деректі фильм де жарық көрді. Бұл туындыда Сәкен ағаның ғұмырнамасы мен қызметінен сыр шертіледі.
    Осындай жетістіктерімен дара­ланып, ел алғысына бөленіп жүрген Сәкен Шаймолдаев, міне, енді 60 жастың асқарына шығып отыр. Өз ісіне деген адалдығы, азамат ретінде адамдығы, қайсар мінезді, өр рухты кісілік келбеті көпке үлгі десек, артық айтқандық емес. Орнықты отбасының тірегіне айналған, достарымен сыйластығы жарасып, әріптестерінің арасын­да абыройы артқан Сәкен Қырғызалы­ұлына тек жақсылық тілейміз. Ғұмыры ғибратты, ұрпағымен қымбатты, ағалық ақылымен сымбатты болып, бақ-беделі арта берсін демекпіз.

    Дидар МӘЛІКҰЛЫ

    Ұсынымдар

    Газет иісін сағынамыз

    Газет иісін сағынамыз

    2 months ago
    Қазақстанда мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі

    Қазақстанда мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі

    2 years ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    МНЭ РК: Недополученные налоги – недостроенные школы и больницы

    2 months ago
    Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

    Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

    1 year ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Газбен қамтылады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.