-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Асыл тойы – ғасыр тойы

    04.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Асыл тойы – ғасыр тойы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Тылсым табиғаттың, әлемнің небір ғажайыптары болатыны сияқты, адамзаттың да кейбір кереметтерінің, көсемдері мен шешендерінің, даралары мен даналарының болатынын біз жақсы білеміз. Арғысын айтпағанда, көзіміз көрген өнердің сондай даналары мен көсемдері, қарасөзде – Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, ақындықта – Мұқағали Мақатаев, музыкада – Нұрғиса Тілендиев. Көзінің тірісінде аты аңызға айналған екі адам болса, бірі – Бауыржан, бірі – Нұрғиса.

    Мырзатай Жолдасбеков,
    мемлекет және қоғам қайраткері,
    филология ғылымдарының докторы

    Нұрғиса Тілендиев – қазақ даласын сахнаға айналдырып, сазға бөлеген жасампаз, музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры, таусылмайтын кені, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, лапылдаған жүрегі, құламайтын тірегі, ақиқат шындығы, асқақ үні, алтын діңгегі, мінсіз ұстазы, өшпейтін өнегесі, азбайтын рухы, әннің тіккен туы, асқар тауы, күйдің соққан желі, қара дауылы, ақ бораны, бармағынан бал тамған арқалы домбырашы, кеудесінен күй қоздаған күй-құдірет.
    Ол қазақ музыкасының бүтіндей бір ғасыры еді, халқымыздың ардағы әрі саңлағы еді, қолына домбыра тисе, боран соққандай, дирижер болып тұра қалса, дүниенің астаң-кестеңі шыққандай болушы еді.
    Туған халқы оның әндерін бесікке бөлеп тербейді, аты абыройға, мұрасы ырысқа айналады. Әбіш айтқандай, Нұрғиса халқымен бірге мұңдасып, ұрпақпен бірге сырласып, әнін салып, күйін тартып бәз-баяғысынша жүре береді. Ол орнатқан күй әлемі дүние тұрғанша тұрады. Иә, ол туған халқымен мәңгі бірге жасайды, оның байтақ мұрасы шедеврге, өзі келесі ұрпақтың сырласына, адамзаттың Нұрғисасына айналды.
    Тірінің парызы – Тілендиев мұрасын, ондағы нәзік лиризмді, гауһар мен маржанды, асқақ пафосты, эпикалық заңғарлықты, динамизмді зерделеу, сөйтіп Нұрғисаның «тайниктерін» ашу.
    Сазгер деп жүргеніміз, меніңше, әуесқойлыққа жақын ұғым, ал Нұрғиса Тілендиев – ұлы композитор, ұлы дирижер, асқан күйші, шын өнердің импровизаторы, Халық қаһарманы.
    Композитор Тихон Хренников Димекеңе «Тілендиев тұнып тұрған музыка. Бұл – құбылыс, оның «Отырар сазы» – қазақ музыкасын халықпен ­жал­­ғас­­­­тыратын алтын көпір» деген екен.
    Шынында да солай. «Отырар сазы» бүгінгі қазақ музыкасын, оның Нұрғисадай жасаушысының жарқын есімін ғасырдан-ғасырға алып баратын көш-керуен, халық өнерінің ақ ордасы, қара шаңырағы. «Отырар сазының» аты Нұрағаңның атымен егіз. Сондықтан «Отырар сазының» мәңгі-бақи бас дирижері де, көркемдік жетекшісі де, әкесі де, атасы да, пірі де Нұрғиса Тілендиев болып қала береді.

    Ұсынымдар

    Үкіметте Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті

    Үкіметте Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өтті

    7 months ago
    Шаруашылық қадамы ширақ

    Шаруашылық қадамы ширақ

    7 months ago
    Тарихыңды  таны, көрмеге кел!

    Тарихыңды  таны, көрмеге кел!

    10 months ago
    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    1 year ago
    Облыс тұрғындары жылжымалы медициналық кешен тексеруінен өте бастады

    Облыс тұрғындары жылжымалы медициналық кешен тексеруінен өте бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>