-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Ауыл жайы қозғалды

    14.04.2025
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Ауыл жайы қозғалды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Райымбек ауданының тұрғындары ендігі жерде таулы өңірдің тыныс-тіршілігі мен экономикалық даму барысы жайлы әлеуметтік желі арқылы күнбе-күн хабар алып отыратын болды. Бұл турасында аудан әкімінің баспасөз қызметі мен ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған брифингте айытылды. Баспасөз мәслихатына ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары мен аудандық деңгейдегі сала жетекшілері қатысты.

    Баспасөз мәслихатында ауылдық округтер аумағында мемлекеттің сындарлы саясатын іске асыру мақсатындағы іргелі істер әңгіме өзегіне айналды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы даму барысы мен мәдениетінің көтерілуіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстар таразыланды. Тұрғындардың  денсаулығы, ауызсумен қамтылуы, ауыл ішіндегі жолдардың сапасы, көше жарық шамдарының тұрақты жұмыс істеуі, кәсіпкерлікті қолдау мен «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы тілге тиек етілді. Ауыл шаруашылығының жетістік-кемшіліктері жіпке тізілді. Алдағы кезеңдерге белгіленген мақсат-міндеттер, қоғамдық ұйымдар тарапынан жасалынып жатқан қолдаулар, жастар белсенділігі, жасөспірімдердің тәрбиесі, қылмысты оқиғалардың алдын алуға қатысты іс-шаралар кеңінен қамтылды.

    Баспасөз мәслихатының алғашқы қонағы – Нарынқол ауылдық округінің әкімі Амангелді Шенебеков округ аумағында 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндады.

    Ауылдық округке Нарынқол, Қостөбе елдімекендері кіреді. Қостөбе ауылында – 172, Нарынқол ауылында – 5221, барлығы 5393 адам тұрады. Округ бойынша саяси ахуал тұрақты. Мерекелік шаралар жоғары деңгейде аталып өтілуі тұрақты жолға қойылған. Халықаралық әйелдер күнінде «Жұмысшы мамандықтары» жылына орай ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен зейнеткерлер мен қазіргі таңда әртүрлі салада  жұмыс істеп жүрген 50 анаға сый-сияпат көрсетілді. Округ бойынша Наурыз мерекесінде ұлттық салт-дәстүрге кеңінен орын берілді. Ауыл шаруашылығы бойынша «Жалын» шаруа қожалығы 18 млн теңгеге «Ловол» тракторын 2 агрегатымен сатып алуға қол жеткізді. «Абылай» шаруа қожалығы құжаттарын өткізді. Енді банктің келісімін күтуде. Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникаларға қажетті жанармайға келісім шарт жасалынды. «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Хантәңірі» жеке кәсіпкерлігі тиісті орынға құжаттарын өткізсе, «Ермек» жеке кәсіпкерлігі қажетті құжаттарын заңдастыруда. Бұл жұмыс ары қарай да жалғаса беретін болады.

    Көктемгі тазалық айлығына байланысты 500 ескертпе қағаз дайындалып, 200-ге жуығы тұрғындарға таратылды. Қоғамдық кеңес, ақсақалдар алқасы, аналар кеңесі, жастар ұйымымен айлыққа байланысты жиындар өткізіліп, жоспарлы шаралар белгіленді. Атаулы әлеуметтік көмекке 17 отбасы өтініш берген болатын. І тоқсанда 15 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша малдарын қараусыз қалдырғаны үшін 7, қоғамдық орындарға тұрмыстық қатты қалдықтар қалдырғаны үшін 4, абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін 12, қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 4, спирттік өнімді өткізу қағидасын бұзғаны үшін 1 хаттама толтырылды. Көше жарық шамдары мен трансформаторларды жауапкершілігіне алу үшін «Сұңқар» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалынды. Ауыл ішіндегі жол күтіміне ашық конкурс жарияланып, «Орынбасар» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз атанды. Қазір  келісімшартқа дейінгі құжаттары жасалынуда. Салық түрлері бойынша жоспар 2025 жылға 74 090 теңге болып бекітілген. Бұл сома І тоқсанға 7 250 000 мың болып белгіленсе, жоспар артығымен орындалды. Рас, салық түсімдерін орындауда кедергілер жоқ емес. Қазір сол кедергілерді жоюдың жолдары қарастырылып, жұмыстар атқарылуда.

    Ауыл әкімі округтегі шешімін күткен басқа да өзекті мәселелерді атап өтті. Журналистер және әлеуметтік желі қолданушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Келесі кезектегі баспасөз мәслихатына қатысқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанат Дүкенбаев, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Себдайыров, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Дидар Мұқаметжанов өз баяндамаларына жоғарыда айтылған мәселелерді арқау етті. Алда атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарымен таныстырды.                                                          

    Жұмабек ТҰРДИЕВ,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Цифрлық картаның тиімділігі

    Цифрлық картаның тиімділігі

    10 months ago
    «Құмсағат» кітабының тұсаукесері өтті

    «Құмсағат» кітабының тұсаукесері өтті

    1 year ago
    Сарбаздар күш сынасты

    Сарбаздар күш сынасты

    1 week ago
    “Әділетті, демократиялық мемлекетте өмір сүргіміз келеді”

    “Әділетті, демократиялық мемлекетте өмір сүргіміз келеді”

    2 years ago
    Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері марапатталды

    Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері марапатталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.