-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    25.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    Фото: Kazinform

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Ақтау қаласының түбінде Әзербайжанның Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонып, соңғы ресми мәлімет бойынша ұшақ орнынан төрт адамның денесі табылды. Апаттан ондаған адам жараланып, ауруханаларға жеткізілді.

    Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасаровтың ақпараты бойынша, қазірге дейін қаладағы ауруханаларға зардап шеккен 26 адам, оның ішінде 24 ересек, 2 бала жеткізілген. 24 ересектің 7-уі халі ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылған. Нақты қанша адамның тірі қалғаны, қанша адам қаза тапқаны әлі анықталып жатыр.

    ҚР Көлік министрлігінің Әзербайжан тарапынан алған ақпараты бойынша, «Баку-Грозный» бағытында ұшып шыққан ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

    Оқиға орнына құтқару жұмыстарын атқаруға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 техникасы барды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Грозныйда тұман болғандықтан әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған. Әзірге болжам бойынша ұшақ апатына ұшақ қозғалтқышына құстардың соқтығысуы себеп болуы мүмкін. Апат себептері тексеріліп жатыр. Оқиға орнынан түсірілген бейнелерге қарағанда, тұмсығымен жер сүзе құлаған ұшақтың алдыңғы бөлігін өрт шалып, ұшақ ортасынан бөлінген.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

    «Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді», – делінген жеделхатта.

    Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.

    Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.

    Алматы облысы халқының атынан ұшақ апатынан қаза тапқандардың қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

     

     

    Ұсынымдар

    Еңбек түбі – береке

    Еңбек түбі – береке

    1 year ago
    БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

    БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

    6 months ago
    Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр су қоймаларын пайдалануға берілмек

    Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр су қоймаларын пайдалануға берілмек

    1 month ago
    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    10 months ago
    Туризм басқармасының басшысы ауысты

    Туризм басқармасының басшысы ауысты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.