☀️
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ – НЕГІЗГІ БАҒЫТ

    14.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ – НЕГІЗГІ БАҒЫТ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысуы – елімізде ғылымға деген жоғары құрметтің, мемлекеттік деңгейде берілетін шынайы бағалаудың айқын көрінісі. Бұл тек салтанатты рәсім ғана емес, сонымен қатар қоғамға ғылымның ел болашағы үшін маңызы зор екендігін тағы бір мәрте ұғындырудың символына айналды.

    Президент өз сөзінде ғылым мен білімге сүйенбей тиімді, әділетті әрі бәсекеге қабілетті ұлт құру мүмкін емес екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның келешегі – оның азаматтарының зияткерлік әлеуетімен тікелей байланысты екенін ерекше атап көрсетті. Осы тұрғыда айтылған «Ғалымның сөзі – халықтың көзі» деген даналық – ғылымның қоғамды дұрыс бағытқа бастайтын жарық шамшырақ екенін паш етеді.

    Қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік өзгерістердің аясында ғылым ұлттық қауіпсіздік, экономикалық даму және құқықтық тұрақтылықтың ажырамас құрамдас бөлігіне айналып отыр. Сондықтан Президенттің ғылыми саланы жаңғыртып, оны ашық, тиімді және нақты сұранысқа ие ету қажеттігі туралы ұсынысы – уақыт талабынан туындаған орынды шешім.

    Бұл бастама қазақстандық ғалымдарға үлкен серпіліс беріп, олардың тек ел ішіндегі өзекті мәселелерді шешіп қана қоймай, әлемдік ғылыми кеңістікке де елеулі үлес қоса алатынына сенім ұялатады.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті Президент ұсынған реформаларды үлкен ықыласпен қабыл алып, іргелі және қолданбалы ғылымды дамыту, ғылым мен практиканың арасындағы байланысты тереңдету, құқықтық мәдениетті көтеру және заң үстемдігін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастыруда.

    Факультет ұжымы конституциялық, халықаралық, экологиялық, қылмыстық және цифрлық құқық салаларында өзекті ғылыми жобаларды іске асыра отырып, пәнаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, мемлекеттік бастамаларды құқықтық сараптауға және жаңа буын мамандарын даярлауға дайын. Президент ұсынған бастамалар нақты іске асырылып, ғалымдарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналарына сеніміміз мол.

    Жаңа Қазақстанның даму жолында ғылымға негізделген өткір көзқарастар мен шығармашылық ізденістер – тұрақты өсудің тірегі болмақ.

    Гүлнұр Рашева,

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының

    аға оқытушысы, PhD докторы

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    Алматы облысында былтыр 44 медициналық нысан пайдалануға берілді
    08.04.2026
    17 жастағы ауыл оқушысы 22 баланың грант алуына көмектесіп, өз өмірін де өзгертті
    08.04.2026
    Денсаулыққа құқық – конституциялық құндылық: декларация емес, мемлекеттің міндеті
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>