-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қайырымдылыққа жаны құштар

    01.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қайырымдылыққа жаны құштар
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Нарынқолда «Хафиза» атты дүкен бар. Тұтынушыларға азық-түлік, шаруашылық және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар сату арқылы қызмет көрсетеді. Сауда нүктесі уақыт талабына лайықты үн қосып, халықтың сұранысын қанағаттандырудан жаңылған емес. Сырт келбетімен көз тартатын дүкенге бас сұққан әркім-ақ бұл жерден іздеген дүниесін табады. Мұнда келушілердің қарасы азайып, аяғы сиремейтіні сондықтан.

    Дүкен иелері ерлі-зайыпты Айдос Қасенов пен Құралай Әкімжанова – осы ауылдың төл тумалары. Сауданы кәсіп етпес бұрын несібелерін қарапайым еңбегімен айырып, ел қатарлы тұрмыс кешіп келген жандар. Уақыт талабына сай бұлар да сауда дейтін кәсіпке ықыластана кірісті. Осыған дейін дәнекерлеуші, темір ұстасы, ағаш шебері болған Айдос пен есепші мамандығында тәжірибесі мол Құралай қолда бар азын-аулақ қаражатымен шағын дүкен ашты. Сауданы кеңсе тауарлары, оқу құралдары, сәндік бұйымдар, басқа да ұсақ-түйектен бастаған ерлі-зайыптылар уақыт өте келе осы іске төселіп, сауданың көзін тапты. Енді дүкенге келушілер бір затты саудалап қана қоймай, қажетті дүниелеріне тапсырыс беретін де болды. Мұның өзі аяғынан жаңа қаз тұрған кәсіптің өрісі кеңіп, қанат жаюына жол ашты. О бастағы кішкентай ғана дүкеннің ауқымы ұлғайып, «Хафиза» атты іргелі сауда орнына айналды. Ары өткен, бері өткен бір кіріп шықпаса көңілдері көншімей тұратын, азық-түлік, шаруашылық заттары, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарға сөресі толған дүкен бұл күндері аудандағы заманауи сауда орталығының қатарынан саналады.
    Айдос пен Құралай саудамен ғана шектеліп отырған жоқ. Қолда бар қаражатымен сонау Кеңес кезінде «Балалар әлемі» аталып, абыройы асқақтаған, жекешелендірудің салдарынан иесіздікке ұшырап, төрт қабырғасынан басқа ештеңесі қалмаған ескі нысанды сатып алды. Банктен ірі мөлшерде несие алып, нысанның іші-сыртын қайта жөндеуден өткізді. Сөйтіп, тойханаға айналдырды. 250 адам еркін отыратын тойхана қазір Нарынқол ауылының ғана емес, аудан жұртының да қажетіне жарап тұрған жайы бар. Тойхананың ішкі-сыртқы бар шаруасы жұмыспен қамтылған 15 адамның жауапкершілігінде.
    Кәсібін нәсібіне айналдырған, жүректеріне мейірім шуағын молынан ұялата білген ақпейіл жандардың елден ерек тағы бір қасиеті – қайырымдылық жасауға құштарлығы. Қиналғанның қасынан табылып, қыжалат жандарға қамқор қолын созуға әрқашан дайын тұратыны. Бойларындағы сүйекке сіңген қайырымдылық қасиет қандай кезеңде де өзінің мән-маңызын жойған емес. Ауылдағы аз қамтылған, көпбалалы, жалғызбасты отбасылары кәсіп иелерінің ұдайы назарында. Олардың жағдайын жіті қадағалап, азық-түлік, киім-кешек, басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыру қайырымды жандардың ең асыл парызындай болып кеткен. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін оңалту орталығының қажетті дүниелермен қамтылуы да – «Хафизаның» еншісінде. Балалар күні, Қарттар күні, Наурыз сынды мерекелерде демеушілік жасауға жанын салатын Айдос пен Құралай қайырымдылық атты ұлағатты ұғымды ұлықтаудан бір сәт те айныған емес. Біз де қайырымдылық жасауға құштар кәсіпкер жандардың жұмысы алға баса береріне кәміл сенеміз.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    “Жаңа парламенттен жаңа үміт күтеміз”

    “Жаңа парламенттен жаңа үміт күтеміз”

    2 years ago
    «Қонаев» ӘКК» АҚ: Әлеуметтік тауар бағасы қадағалауда

    «Қонаев» ӘКК» АҚ: Әлеуметтік тауар бағасы қадағалауда

    12 months ago
    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    5 months ago
    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    «Қожеке Назарұлы – 200» экспедиция тобы Кеген ауданына келді

    2 years ago
    Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

    Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>