☀️
20°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Құс төресі

    19.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Құс төресі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ресми құжат бойынша 198 құс түрі кездеседі делінген. Дегенмен, тіршілік атаулының ішінде олардың өте қатты жылжымалы екенін ескерсек, аталған санның өзгеруі мүмкін. Солардың ішінде құс төресі бүркіт жайында толғанып көрейік.

    Бүркітті ата-бабаларымыз ежелден қолға үйретіп, аңшылыққа пайдаланғаны мәлім. Қазіргі таңда ұлттық спорт қатарына кіретін саятшылық өнерге осы құс түрін баулитындар қатары да көбеюде. Қазақ халқында сұңқарлар тіршілігінен кеңінен мағлұмат беретін кітаптар жетерлік. Әйтсе де бүркіт республиканың біршама өңірінде кездескенімен, көп аймақта аз ұшырасады. Оған көптеген антропогендік факторлардың да әсері бар.
    Бүркіт (Aguila chrysaetos) – саны азайып бара жатқан, ҚР қызыл кітабына кіретін сұңқартектестер отряды (Falconiformes), қаршығатектестер тұқымдасы (Accipitridae), қырандар туысына жататын (Aguila), салмағы 6 кг-ға жуық, қанат құлашының ұзындығы 2,5м болып келетін жыртқыш құс. Жалпы қырандар – тұмсығы мықты және күшті аяғы бар, тілерсегі саусағына дейін барлық жағынан қауырсынданған, ірі және орташа құстар. Ұрғашылары еркектерінен үлкендеу, ал реңдерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Жасанған сымбатты ірі құсқа айналу үшін балапандары түлеу арқылы біртіндеп реңдерін өзгертіп отырады. Қазақстанда бүркіттердің 4 түршесі тіркелген екен. Негізінен отырықшы құс. Наурыз-сәуірде жұмыртқалайды. Балапандар ұяда 75 тәуліктей болады және 10-27 шілде аралығында ұшып шығады.
    Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы аумағында қазіргі таңда бірнеше ұялары табылған. Оларға жыл сайын мониторинг жасалынып, бақыланып отырады. Мәселен, Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы аумағындағы тасты шатқалдарда 2020 жылы күз маусымының екінші айында жануарларға кезекті санақ барысында 50-ден аса бүркіт байқалған. Себебі қаумалға қарасты сол шатқалдарда кекілік, толай қоян, сібір тауешкілері біршама болғандықтан, бүркіттердің де қорек үшін сол маңды торуылдап ұшып жүруі заңдылық. Ұлттық парктегі қылқанды орман белдемі орналасқан кейбір тік тасты шатқалдарда қалықтап жүрген бүркіттер кездеседі. Кейбірінің салыстырмалы түрде төмен болса да (теңіз деңгейінен биіктігі 2000м шамасындағы) ұя салып, балапан өрбіткен орындары белгіленді. Сол аймақта қырғауыл, елік, марал мекендейді. Ал альпі зонасындағы биік құз-жартастарда сібір тауешкісі, гималай ұлары, сұр суырлар көп болғандықтан көк аспанда қалықтаған қырандарды көріп, керемет жаратылыс иесінің әрбір қимыл-қозғалысына таңырқап қарайсың. Ал қыс мезгілдерінде төмендеп жалпақ жапырақты орман алқаптарының үстінде қанат қағып жүреді. Кейде алма, долана ағаштарында қонып отырғанын көруге болады.
    Бүркіттерді жаздың соңы мен күз айларында ұлттық парктің шатқалдарына кірген жерден бастап әуеде қалықтаған жас балапандарын байқауға болады. Бұл – енді ұшып жүріп жем іздегендері. Ал дәл ұя орналасқан жерде оларға міндетті түрде тыныштықтың қажет екені белгілі. Ұлттық парк аумағында биылғы балапандары қара күздегі бақылау барысында әуеде ата-енесіне жақын маңда ұшып жүргендерін бірнеше рет байқадым. Олар Үлкен Алматы шатқалында, Казачка шатқалында тіркелді. Сондай-ақ Қаскелең шатқалындағы ұя маңайында 2021 жылы желтоқсан айында екі бірдей бүркіттің қайшыласып ұшып жүргенін көргенбіз. Шамасы шәулісі мен ұябасары секілді. Содан бері әр жыл сайын бақыланып отырады. Әсіресе, бүркітті көктемде таудың қары жаңадан ери бастап, ойдым-ойдым болып жер қарайған алаңқайлардан кездестіру әбден мүмкін. Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалының аңшылықтанушысы Дәулет Қуандықовтың байқағанындай, тасқа тасаланып қонып отырған бүркіт інінен ұзаған суырды арындап келіп, іле бүріп қардан шығармай ұстайды. Себебі қара жерге аяғы ілінген суыр ұстатпай зымырап інге қойып кетеді. Ұлар мен тауешкі лақтарына да бүркіттен келетін қауіп жоғары. Ұлттық табиғи паркте санақ бойынша 94 дарақ бүркіт тіркелген.
    Бүркіт – адамның сенімді серігіне, досына бағаланған. Ұлттық нышанға бағаланған, көкте еркін самғаған, зәулім құз-жартаста ұялайтын құс төресін қорғайық!

    Тұңғышбек Жапарқұлов
    Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкері

    Соңғы жаңалықтар

    2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты
    14.04.2026
    Нұрбақыт Теңізбаев, Кеген ауданының әкімі: Жұмыс орындары көбейсе, жастар ауылға қайтады
    14.04.2026
    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>