-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    23.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қонаев қаласының тұрғыны 46 жастағы әйел аяғында бөгде зат барын білмеген. Айтуынша, бірнеше жыл бұрын тізе буыны қақсап ауыра бастапты. Алғашында сүйегі қажалып, жарық ауруына ұшыраған деп болжаған. Кейіннен Қонаев қалалық ауруханасына келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.

    «Осы Қонаев қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда емханада травмотология бөлімінде №3 палатада жатырмын. Дәрігерлерге аяғымның мәселесімен келгенмін. Магниттік-резонанстық томографияға жолдап, мені тексеруге жіберді. Соның нәтижесін көрген емдеуші дәрігерім аяғымның тізе бөлігінде бөгде зат барын айтты. Тігін инесі қай уақытта кіргенін білмеймін. Сезген жоқпын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бармын. Мәртебемді тексерген соң, жоспарлы отаға дайындай бастады. Ай сайын жарна төлеп отырған соң бәрі тегін болды», – дейді науқас Бақыт Ахметжанова.
    Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа сәтті ота жасалып, ол бірнеше күннен кейін аяққа тік тұрған. Қазірде оның жағдайы жақсы, үйіне жіберіліпті. Айта кетерлігі, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы дәрігерлері жаз мезгілі жақындаған сайын жарақат алу фактілері жиілейтінін айтып дабыл қағып отыр.
    «Ересектермен қатар, балалар арасында жарақат алу жағдайлары көп кездеседі. Жаз мезігілінде кез-келген баланың далада уақытын жиі өткізетіні белгілі. Ойын кезінде жарақаттануы оңай. Сондықтан ата-аналарға жеткіншектерін назардан тыс қалдырмауды сұраймыз», – дейді дәрігер-травматолог Камиль Жалалов.
    Дәрігердің сөзінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда Қонаевтағы ауруханада күніне 2-3 ота шұғыл түрде де, портал арқылы жоспарлы оталар да жүргізілетін. Бұл тұрғыда медицина мамандарының ақпарынша, МӘМС-тің көмегі зор. Өйткені, сақтандырылған азамат портал арқылы кез келген қажетті медициналық көмегін алып, отасын жасата алады.

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Діни радикалды көзқарастағы күдікті ұсталды

    Діни радикалды көзқарастағы күдікті ұсталды

    1 year ago
    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    Алматы облысында ат спорты түрлерінен “Жолан жүйрігі” дүбірлі додасы басталды

    2 years ago
    Самокат жүргізушілерінің жауапкершілігі артады

    Самокат жүргізушілерінің жауапкершілігі артады

    2 years ago
    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    4 months ago
    Ағаштан түйін түйген

    Ағаштан түйін түйген

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>