-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    09.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін Салық кодексінің жаңа жобасын алғашқы оқылымда талқылады. Құжат жобасын 4 сағат бойы талқылаған депуттардың басым көпшілігі жаңа редакцияны қолдап дауыс берді. 9 депутат қалыс қалып, 7 депутат қарсы дауыс берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Сондай-ақ «Ақ жол», ЖСДП мен Қазақстан халық партиясының фракция төрағалары кодекс жобасы өздері қоспақ болған ұсыныстарды енгізген жағдайда ғана қабылдану керек деген ұстанымдарын айтты.

    Құжатты депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі серік Жұманғарин таныстырған болатын.

    Оның сөзінше, қосымша құн салығы (ҚҚС) салынатын салынатын айналымның төменгі шегі 40 млн теңге болуы мүмкін.

    Осы шешімнің аясында Үкімет жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімін қатаңдатпақ.

    Вице-премьер ҚҚС-тің төменгі шегі 40 млн теңге болса, салық түсімі қанша болатынын да айтты.

    Ал ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салыну ұсынылып отыр.

    Сондай-ақ, ауылшаруашылық тауар өндірушілер ҚҚС-тан толық босатылмайтын болды.

    Жаңа редакцияда 1,3 трлн теңгеден асатын 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылған.

    Сонымен бірге, Серік Жұманғарин корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өсетін салаларды атады.

    Сондай-ақ, ол сән-салтанат салығы кімдерге салынатын айтты. Нақтырақ айтсақ, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелері ұлғайтылған салық төлейді.

    Ал жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар табысының 15 пайызын салыққа төлеуі мүмкін.

    Ұсынылып отырған реформа бойынша, салық есебін тапсыратындар саны 30 пайызға қысқармақ.

    Серік Жұманғариннің пайымдауынша, үй жанындағы дүкендер мен шаштараздар иелеріне бұл реформадан қорқудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, вице-премьер жаңа Салық кодексінің қағидаты бойынша байлар көбірек салық төлеуге тиіс екенін айтты.

    Кодекстің жаңа редакциясына БАҚ-ты ҚҚС-дан босату туралы ұсыныстар енбегені белгілі болды.

    Ұсынымдар

    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    Ерекше трактор арқылы дауыс беруге шақырды

    9 months ago
    Аян салған ән асқақ

    Аян салған ән асқақ

    4 months ago
    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    4 months ago
    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    8 months ago
    Қос тұлғаға арналды

    Қос тұлғаға арналды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>