-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өмірдің өзі – қозғалыс

    08.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Спорт
    Өмірдің өзі – қозғалыс
    0
    SHARES
    38
    VIEWS

    Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Қонаев қаласындағы Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябақта «Walk the Talk» спорт акциясы өтті. Жүгіруден бүкіл әлемді қамтитын спорт шарасы 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Акцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамашы болды.

    «Аталған шара салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Мәселен, 2023 жылы Женевада өткен халықаралық акцияға 7000 адам қатысқан екен. Ал 2024 жылы қатысушылар саны 8000-ға жеткен. Бұл халықтар арасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуінше, екі жыл бойы аптасына үш рет 5000 қадам жасаған адамның өмірі үш жылға ұзарады екен. «Қозғалыс – бұл өмір» деген сөз бекер айтылмаған. Сондықтан үнемі спортпен шынығып, денсаулықты нығайтуға атсалысайық», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Тәжеков.

    Шағын марафонға 25-45 жас аралығындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты. Әйелдер – 1,6 км, ал ер адамдар 3 км қашықтыққа жүгірді.

    «Дәрігер-терапевт ретінде айтарым, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, темекі мен ішімдік сияқты зиынды заттардан аулақ болу – түрлі аурудың алдын алады. Мен бала кезден футболмен айналыстым. Қазір жасым отызға келсе де спортпен шынығуды тастаған жоқпын. Жүгіруді күнделікті әдетке айналдырдым. Осы тектес жарыстардан қалмауға тырысамын. Санаулы күндерден кейін Алматы марафоны басталады. 10 км қашықтыққа жүгіруден де бағымды сынап көрсем», – дейді ерлер арасында жеңімпаз атанған Алмас Әсенов.

    Әр атқан таңын жүгіруден бастайтын Маржан Қуанышбаева да әйелдер арасында топ жарды.

    «Жүгірумен айналысып жүргеніме көп болмады. Бірақ осы уақыт ішінде оның денсаулыққа пайдалы екенін анық сезіндім. Күні бойы сергек жүресің, көңіл-күйің көтеріліп, күш-қуатың артады. Осындай спорт шарасын ұйымдастырған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығына айтар алғысымыз шексіз», – деді Маржан Қуанышбаева.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

    Ұсынымдар

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық шаралары күшейтіледі – Президент

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық шаралары күшейтіледі – Президент

    1 year ago
    Қазақ манасшысына құрмет

    Қазақ манасшысына құрмет

    5 months ago
    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    8 months ago
    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    1 month ago
    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.