-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ

    03.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету ісі сәтті жалғасын табуда.  Өнеркәсібі дамыған Іле өңірі бүгінде қарқынды құрылыс алаңына айналып, көптеген отбасының баспаналы болуына мүмкіндік ашылуда.  Соның бір дәлелі – Өтеген батыр ауылындағы котедж қалашығында 10 көпбалалы отбасына  пәтер кілтінің табыс етілуі.

    Айтулы шараға аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысып, қоныстой иелерін баспаналы болуымен құттықтады.

    «Баспана – әрбір отбасының бақыт мекені. Бүгінде ие болып жатқан шаңырақтарыңыз тек шаттыққа толып, үйдің ішінде балалардың сыңғыр күлкісі ғана естілсін. Баршаңызды қоныстарыңызбен құттықтаймын!  Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болып, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!» – деді.

    Баспаналы болған азаматтардың қатарында 10 жыл кезекте тұрған 7 баланың анасы Бақытгүл Қоянбаява бар. Ол:  «Бүгін – біз үшін ерекше күн. Көптен күткен баспанамызға қол жеткізіп, жаңа қоныс иесі атанып отырмыз.  Осы қуанышты сәтті сыйлаған басшыларға, құрылыс жұмыстарына атсалысқан барлық азаматқа алғысымыз шексіз. Осынау үлкен қуанышқа қол жеткізуіміз сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Халықтың жағдайын жақсарту жолында жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Бізді қуантып, бақытымызға ортақтасып отырған сіздерге мың алғыс! Жаңа қонысымыз құтты болсын! Осы шаңырақта тек қуаныш, береке орнасын!» – деді.

    Әкімдік тарапынан үйлі болған азаматтарға сый-сияпат ретінде кір жуатын машина және балаларға оқу құралдары табыс етілді.

    Жалпы алдағы уақытта Өтеген батыр ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобындағы 200-ге жуық азаматқа пәтер беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Өтеген батыр ауылында үш 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Бұл үйлер «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

    Айта кетер болсақ, ауданымызда 5443 адам баспана кезегінде тұр. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен үй кезегінде тізімде тұрған азаматтар өз баспаналарына қол жеткізбек.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    8 months ago
    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы екпе алды

    7 months ago
    Олқылықтың орнын толтыру қажет

    Олқылықтың орнын толтыру қажет

    1 year ago
    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек

    Цифрлық жүйе жетілдіріледі

    11 months ago
    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.