-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сорбұлақ дауы бітер ме?

    09.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Сорбұлақ дауы бітер ме?
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев  Іле ауданындағы «Сорбұлақ» су қоймасына барды. «Сорбұлақ» – Алматы қаласының өнеркəсіптік жəне коммуналдық шаруашылықтарынан шыққан ақпа сулар жиналатын тұндырмалы көл. Оның аумағы 55 шаршы шақырымды құраса, ұзындығы 33 шақырымға дейін созылып жатыр.

    Облыс әкімінің су қоймасына келуіне, ала жаздай бау-бақша егіп, жер жыртып, егін егетін шаруашылық иелерінің арыз-өтініштері себеп. «Алматы су» басқаратын бұл тұндырма көлдің қызығын енді ешкімде көре алмайтындай жағдайға жетіп отыр. Өйткені, «Алматы су» компаниясы жиналған судың деңгейі өте төмен деген дәлелсіз, дәйексіз мәселені көлденең тартып, шаруа қожалықтарына бір тамшы су беруден бас тартып отыр. Салдарынан 23 шаруашылық жұмысы тоқтап қалу қаупі бар. Осы мәселені Іле аудандық «Ілеирригация» мекемесі көтеріп, дабыл қағып отыр.

    «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен Іле аудандық «Ілеирригация» мекемесі арасындағы келісімшарттың дұрыс жүзеге аспай жатқаны да мәселеге айналған. Өйткені, екі мекеме арасында келіспеушілік басым. Біріншісі аудандағы егіс алқаптарына су бермей тарықтырса, екіншісі аптап ыстықта судың жетіспеушілігінен шыққан өнімнің күйіп кететінін айтып, зар қағуда. Бұл жағдайды көзбен көріп, мәселенің шешілу жолын қарастырған облыс әкімі алқаптарға қалай да су тартылу керектігін айтып, оның барлық жолын қарастыруды тиісті мекемелерге тапсырды. Жауапты мамандарға ауызша сын-ескертпелерін де жеткізді.

    Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Сорбұлаққа құйылатын ақпа суларын тазарту қарқынды түрде жүргізіліп, заманауи технологиялар енгізілуде. Ішуге, шомылуға жарамаса да, егіс алқаптарын экологиялық стандарттарға сәйкес суаруға әбден болады. Сорбұлақтан көктемгі су тасқынына, басқа да экологиялық апаттарға қатысты болсын,  қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы, Сорбұлақ 622 метр болатын 1 миллиард текше метр ағынды ақпа суды қабылдай алады. 1995 жылдың сәуірінде ең биік меже 621 метр су деңгейін көрсеткен. Биыл көктемде 618 метрге дейін көтерілген. Мамандар бұл көрсеткіштер шаруа қожалығын сумен қамтамасыз етуге жеткілікті екенін алға тартады. Сонымен қатар, дәл қазір облыс әкімдігі жинақтаушы көлдерді пайдаға асырып, ауыл шаруашылығы мақсатында қолдану үшін бар күш-жігерін салуда.

    Су қоймасын аралап, мамандардың тұжырымын саралаған Марат Елеусізұлы:

    – Көріп отырғанымыздай, шаруашылыққа қолданылатын ағынды суларымызды пайдалану мәселесі өткір тұр. Мұның барлығы тезірек шешуді талап етеді. Біз оларды республикалық деңгейде қайта көтеруге, мәселенің  мән-жайын ескере отырып, екі жаққа да тиімді шешім шығаруға тырысамыз. Суды ұқыпты пайдалану суармалы жер көлемінің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына алып келеді және нәтижесінде өңірдің өркендеуіне ықпал ететін болады, – деді.

    Мәселе мұнымен шешілмейтін түрі бар. Ендігі ретте хат жолданып, Су ресурстары және ирригация министрлігінің деңгейінде қарастырылмақ.

    Бағдат ШОЙБАСОВ

    Іле ауданы 

    Ұсынымдар

    «Таза бейсенбі»: Қонаевтағы саяжай қоқыстан тазартылды

    «Таза бейсенбі»: Қонаевтағы саяжай қоқыстан тазартылды

    1 week ago
    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    2 years ago
    Шоқыну ережесін естен шығармаған жөн – ТЖД

    Шоқыну ережесін естен шығармаған жөн – ТЖД

    1 year ago
    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    2 years ago
    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>