⛅
-2°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    11.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, медициналық нысан қолданысқа берілді.

    Амбулаторияның ашылу салтанатына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.

    Медициналық нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады. Мекемеде медициналық және профилактикалық тексерулер және ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетіледі. Енді Шеңгелді ауылдық округіне қарасты алты елдімекеннің 7 мыңға жуық тұрғыны қажетті медициналық көмекті алу үшін амбулаторияға жүгіне алады.

    Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер жұмыс істейді. Ал дәрігер-гинекологтар Қонаев қаласынан келіп, кестеге сай қызмет етеді. Шұғыл жағдайлар болса, науқастар бірден қалаға жөнелтіледі. Амбулатория УДЗ, лаборотория, рентген секілді озық техникалармен жабдықталған.

    Бұл Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастыру жоспарлануда.

    Сонымен қатар бұл күні халық Наурыз мерекесін тағы да атап өтіп, киіз үй тікті, ақ дастархан жайды. Олар бір-бірін жылдың жақсы басталуымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

    «Бұрын осы жерде өзім де қызмет еткенмін. 1970 жылдары іргесі қаланған нысан бүгінде жаңғыртылып, елге қызмет ету үшін ашылды. Өте қуаныштымын. Ауылымызда жақсы жаңалық көп болып, қарыштап-дами берсін!» – деді тұрғын Қарлығаш Қосбаева.

    Ал Қонаев қаласының өнерпаздары халыққа шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

    Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    AMANAT: Іле ауданының әкімі тұрғындарды қоғамдық қабылдауда тыңдады

    AMANAT: Іле ауданының әкімі тұрғындарды қоғамдық қабылдауда тыңдады

    9 months ago
    Қош, көркемсөздің ақ семсері!

    Қош, көркемсөздің ақ семсері!

    2 years ago
    Денсаулық марафоны

    Денсаулық марафоны

    2 weeks ago
    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    2 years ago
    Іле ауданында атыстан 1 адам оққа ұшып, 4-уі жараланды

    Іле ауданында атыстан 1 адам оққа ұшып, 4-уі жараланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>